ПЕТРОПАВЛ. 20 қаңтар. Солтүстік Қазақстан облысындағы Заградовка ауылы маңынан үсіп өлген ер кісінің мәйіті табылды. Полицейлердің пайымдауынша, қайтыс болған адам қарлы боранда үйіне жете алмай, адасып кеткен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.
Есіл ауданының Заградовка ауылына бет алған Айыртау ауданы тұрғынының мәйіті жолдан 150 метрдей қашықтықтан табылған. 1953 жылы туылған азаматтың үсік шалған денесін ауыл адамдары көріп, жергілікті полицияға хабар берген.
Жалпы, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкілдері ауа райының күрт суытып, желдің күшейетіні жайлы қанша хабарласа да, жұртшылық бұл ескертулерге дұрыс құлақ аспай келеді. Ал осының салдарынан өңірде қайғылы жайттар орын алуда.
Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тұрғындарға сақтық шараларын сақтауын сұрап, 584 мың абонентке SMS хаттар жіберген.
Құтқарушылар демалыс күндері жолға шығып, қиындықтарға тап болған 93 жолаушыға көмек қолын созса, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Есіл, Шал ақын, Айыртау, Жамбыл және Қызылжар аудандарының тасжолдарын басып қалған қар құрсауларын аршуға, адамдарды құтқаруға 45 техника жұмылдырылған.
Айта кетейік, ауа райының күрт төмен түсуіне байланысты «Астана-Петропавл», «Жезқазған-Петропавл», «Мамлютка-Қостанай», «Екатеринбург-Алматы», «Көкшетау-Рузаевка», сонымен қатар барлық ауданаралық жолдарда кезекшілік ұйымдастырылып, бақылау күшейтілген.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: 24.kz.

Теміртауда балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 21:56
Ақтөбеде белгісіз біреу кішкентай қызды алып кетпек болған
Оқиға • Бүгін, 21:19
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Бүгін, 20:53
Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
Күрес • Бүгін, 20:28
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45