21 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №1156

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2015 жылғы 31 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі «Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылғы қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №257 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: «Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №257 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., №23, 136-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға қаражат бөлу осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1156 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №257 қаулысымен бекітілген Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға қаражат бөлу Р/с № Іс-шаралар атауы Жауапты мемлекеттік органдар Саны Сомасы, мың теңге 1 Кәсіптік стандарттарды әзірлеу АШМ 5 9146,0 2 Кәсіптік стандарттарды әзірлеу ИДМ 22 41279,0 3 Кәсіптік стандарттарды әзірлеу МСМ 8 15243,0 4 Кәсіптік стандарттарды әзірлеу ҰЭМ 2 2370,0 5 Кәсіптік стандарттарды әзірлеу ІІМ 1 1146,0 Барлығы: 38 69184,0 Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі; ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі; МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі; ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі; ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.