АСТАНА. 21 қаңтар. Францияның әйгілі жазушысы, Гонкур академиясының бұрынғы президенті Эдмонда Шарль-Ру 95 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Эдмонда Шарль-Ру өткен сәрсенбі күні, 20 қаңтарда, Марсель қаласында қайтыс болды», – деп академияның хатшысы Мари Дабади Twitter әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
Әдебиетші және журналист болған жазушы ондаған кітаптың авторы атанған. Ал алғашқы жазған Dimenticare Palermo романы әлемнің 27 тіліне аударылып, осы кітабының арқасында 1966 жылы Гонкур сыйлығының жеңімпазы атанды. 1983 жылдан өмірінің соңына дейін Гонкур академиясының мүшесі болды. Ал 2002 жылдан 2014 жылға дейін осы ұйымды басқарып келді.
Эдмонда Шарль-Ру әдеби шығармашылығын журналистикамен қатар алып жүрді. Әрбір жылдары Францияның «Эль» (Elle), «Вог» (Vogue) сынды журналдарында қызмет еткен. Ал соңғы басылымда бас редакторлық міндетін атқарды.
Жасы келгеніне қарамастан әдебиет саласында қызмет етуін тоқтатпады. Өмірінің соңғы жылдары Ресей жерінен шыққан француз генералы Зиновий Пешковтың өмірі жайлы кітап жазған. Өкінішке орай, шығарма аяқсыз қалды.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: tvkultura.ru.

Алматылық оқушы әлемдегі үздік үш өнертапқыштың бірі атанды
Әлем • Бүгін, 11:57
Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:50
Жапония алғаш рет шетелге қару экспорттауға рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 11:41
Автомектептерде олқылықтар анықталды: 700-ден астам оқу тобы жабылды
Оқиға • Бүгін, 11:35
17 жыл мал баққан шопан күдікке ілінді: Жетісу облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы ашылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:24
Пышақ ала жүгірген: Астанада 7 жастағы баланың әрекеті жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 11:15
Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07