АСТАНА. 28 қаңтар. Спорт арбитражды соты Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Йозеф Блаттердің апелляциясын қанағаттандырса, жемқорлық дау-дамайына және футболға қатысты іс-әрекеттерден 8 жылға шеттетілгеніне қарамастан, ол өз қызметінде қалуы мүмкін. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Швейцарияның Sport Information агенттігінің мәлімдеуінше, егер сот Блаттердің пайдасына үкім шығарса, 26 ақпанға жоспарланған ФИФА президентін сайлау іс-шарасы заңды күшін жояды. «Әзірге Йозеф Блаттер отставкаға кеткен жоқ. Сондықтан ФИФА жарғысына сәйкес жаңа президенттің сайлануы мүмкін емес», – деп жазады аталған агенттік.
Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы Transparancy International ұйымының өкілі Сильвия Шенк те Германияның Sport Bild журналына берген сұхбатында бұл мәселеге назар аударды. Ол ФИФА-ның ақпанда өтетін конгресінде Блаттерді қызметінен босатуды күн тәртібіне енгізу керектігін айтып: «Егер Арбитражды сот Блаттерді ақтап шықса, жаңадан сайланған президенттің барлық шешімдері негізсіз болады», – деді.
Әзірге 26 ақпанда өтетін жиында бұл мәселе қарастырылатыны туралы ешқандай ақпарат тараған жоқ. Сондай-ақ, мамандар Блаттердің де өз еркімен қызметінен кету жөнінде өтініш жазуы екіталай екенін айтып отыр. Бір сөзбен айтқанда, ол соттың шешімін күтіп, соған дейін өзі президент болып қала береді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: ТАСС.
Сурет: rbc.ua.

Әлем кубогі: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды
Бокс • Бүгін, 12:11
Ұландықтар Геннадий Головкинді ерекше форматта құттықтады
Қоғам • Бүгін, 11:58
Университеттерге құжат қабылдау қашан басталады?
Университет • Бүгін, 11:55
1-сыныпқа қабылдау: Ата-аналар тұрақты тіркеу талап етілетініне шағымданды
Қоғам • Бүгін, 11:44
Алматыда 400-ден аса заңсыз сауда нысаны сүрілді
Сауда • Бүгін, 11:40
Миллениал ата-ана, зумер бала: Қалай тіл табысамыз?
Қоғам • Бүгін, 11:30
Өзбекстан футболшылары жанкүйерлердің ықыласына бөленді
Футбол • Бүгін, 11:24
Филиппинде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 78 адамға жетті
Әлем • Бүгін, 11:10
Ел тұрғындары шілде айында қанша күн демалады?
Мереке • Бүгін, 11:01
Вьетнам шетелдіктер үшін елге кіру рәсімін жеңілдетті
Туризм • Бүгін, 10:52
Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған
Аймақтар • Бүгін, 10:51
Жамбыл облысында пара алған экс-полицейлерге сот үкімі шықты
Жемқорлық • Бүгін, 10:37
Иран Ормұз бұғазындағы алымдарды 60 күнге тоқтатты
Әлем • Бүгін, 10:30
Volkswagen компаниясы 50 мың жұмысшыны қысқартады
Әлем • Бүгін, 10:22
Астана мен Алматыдан Ыстықкөлге тікелей рейс ашылды
Логистика • Бүгін, 10:11