еркін елдің кемел тұлғаларын таныстырады
Өскемендегі А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Еркін елдің кемел тұлғалары» атты бірегей көрме ашылды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған ауқымды шараға жас мемлекеттік қызметшілер, Қ.Нұрғалиев атындағы колледж студенттері мен №4 орта мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты.
Көрме тұсаукесерінде еліміздің ұлт болып қалыптасу, мемлекет ретінде даму сынды тарихи үдерістерінде орасан орны бар тұлғалардың тұтас галереясы таныстырылды. Олардың ғибратты ғұмыры мен мемлекеттік маңызы бар еңбектерінен сыр шертетін кітаптар мен ғылыми жинақтар, сондай-ақ жергілікті қылқалам шеберлерінің қолынан шыққан портреттері жұртшылық назарына ұсынылды. Атап айтқанда, көрмеден Абылай ханнан Нұрсұлтан Назарбаевқа дейінгі саяси тұлғалар, Қаракерей Қабанбайдан генерал Панфилов пен Бауыржан Момышұлына дейінгі батырлар, Шоқан Уәлихановтан Қаныш Сәтбаевқа дейінгі ғалымдар, Абайдан Олжас Сүлейменовке дейінгі ақындар, Дина Нұрпейісовадан Бибігүл Төлегеноваға дейінгі қазақтың әйгілі әйелдері, күш атасы Қажымұқаннан Олимпиада чемпиондарына дейінгі даңқты спортшылар сияқты тұлғалар туралы толық мәлімет алуға болады. Тұсаукесерде кітапхана қызметкерлері Тәуелсіздік тарихындағы тұлғалар туралы толғамдық дәрістерімен бірге қатысушылар арасында түрлі викториналық ойындар мен сауалдар ұйымдастырып, қызықты деректерге кенелтті. Сонымен бірге, Өскемен Теңге сарайының мерейтойлық монеталары да тәуелсіз тарихымыздың атаулы күндерін айшықтай түсті. Аталған көрме жыл бойы қызмет көрсетіп қана қоймай, өңір мектептері мен мекемелерінде көшпелі көрмелер өткізбек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Тәуелсіздігіміздің тамырлы тарихымен жетік таныс болу азаматтардың отаншылдық сезімін одан әрі жандандыра түседі.
– Тарих – әлеуметтік-экономикалық формация, атаулы күндер мен оқиғалар ғана емес, ұлы істерді кешегі және бүгінгі таңда іске асырып отырған нақтылы адамдардың, билеушілер мен қолбасшылардың өмірі. Көрмеге қойылған кітаптардың көпшілігі Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы жылдары Елбасының бастамасымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде шығарылған. «Тарихты ұлы адамдар жасайды» десек, ғасырлар куәсіне айналған еліміздің тарихы айтулы тұлғалар ғұмырнамасымен тығыз байланысты. Осы кітап көрмесі жастарға ел тарихы туралы білімдерін жүйелеп, келешек ұрпақтың мемлекет тарихына қосар үлесін байыптап ойлануына және өзінің өмірлік жолын таңдауына көмек береді деп сенеміз, – деді кітапхана директоры Хабиба Ақжігітова.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Елімізде тоғыз банк тарату сатысында тұр
Банк • Бүгін, 11:21
Қонақ үйлер заманауи стандарттарға сай жаңартылады
Қоғам • Бүгін, 11:15
Елімізде туризм саласына тартылған инвестиция көлемі өсті
Туризм • Бүгін, 11:05
Құжаттар мен лицензиялардың мерзімін қалай уақытында ұзартып отыруға болады?
Қоғам • Бүгін, 11:00
Балқаш әуежайының модернизациясы қашан аяқталады?
Оқиға • Бүгін, 10:57
Ішкі жалпы өнімдегі орта бизнестің үлесі қандай?
Бизнес • Бүгін, 10:45
Елімізде 500 теңгелік жаңа банкнот айналымға шығарылды
Экономика • Бүгін, 10:40
Биыл Қонаев спортшылары түрлі жарыстардан 111 алтын иеленді
Спорт • Бүгін, 10:35
Қостанайда ерекше балаларды оңалту орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 10:30
Депутат: Қазақстанның ақшасына неліктен шетелдік корпорацияны қаржыландырып отырмыз?
Қоғам • Бүгін, 10:23
Алматыда энергетикалық сусыннан жүрек ауруына шалдыққан науқасқа ота жасалды
Қоғам • Бүгін, 10:15
Ақсайда келешек мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 10:04
Солтүстік Корея алғашқы атомдық сүңгуір қайығын таныстырды
Әлем • Бүгін, 09:57
Қазақстанда қолма-қол ақшамен есептесетіндер үлесі күрт өсті
Қаржы • Бүгін, 09:53