Газет көлемін берудің жалпы шарттары
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлердің партиялық тізімін ұсынған және тіркеген саяси партияларға (бұдан әрі – саяси партиялар), редакция мақалалар және үлгілер түріндегі сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдарын) орналастыру үшін газеттен орын береді. Үгіт материалдарының мәтіндерін саяси партиялардың өздері әзірлейді. Үгіт материалын жариялауы үшін саяси партиялардың өкілетті өкілдеріне мыналар қажет:- Редакцияға төмендегідей ақпаратты қамтитын жазбаша өтінішті ұсынады:
- Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркелуі тиіс:
- Редакциямен шарт жасасу.
Үгіт материалдарын жариялаудың тәртібі
2016 жылдың 20 ақпанынан бастап сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, күн сайын, сенбі және жексенбіден басқа күндері жазбаша мәлімдемелер қабылданады және шарт жасалады, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Жазбаша мәлімдемелерді қабылдаудың соңғы күні – 2016 жылдың 17 наурызы. Үгіт материалдарын жариялаудың соңғы күні – 2016 жылдың 18 наурызы. Редакция саяси партиялардан мәтіндердің және үлгілердің түсу ретіне қарай үгіт материалдарын жариялаудың кезектілігін белгілейді. Саяси партиялар үгіт материалдарын одан әрі жариялауды Редакциямен уағдаластық бойынша жүзеге асырады. Бірнеше саяси партиялардан/өкілетті өкілдерден бір мезгілде мәлімдемелер түскен жағдайда Редакция сол күні жеребе тастауды жүргізеді. Жеребе тастауға баспа материалдарын орналастырудың кезектілігіне талас білдіруші саяси партиялар немесе саяси партияның мүддесіне өкілдік ететін өкілетті өкіл және талас білдірудің тәуелсіз тарабы ретінде Редакция өкілі қатысады. Редакция үгіт материалдарын жариялауды Редакцияның есеп айырысу шотына жарияланымдар құнының 100 пайыздық алдын ала төлемі түскеннен кейін жүргізетін болады. Редакция «Егемен Қазақстан» газетінің беттерінде үгіт материалдарын орналастыру орнын дербес айқындайды.Үгіт материалдарын тапсырудың тәртібі
Саяси партиялар/өкілетті өкілдер үгіт материалдарының мәтіндерін және үлгілерін жоспарланған жарияланым күнінен екі күн бұрын Редакцияның жарнама бөліміне тапсырады. Мәтіндер саяси партияның өкілетті өкілінің қолы қойылған баспа нұсқасында тапсыруы және электрондық тасымалдағышта қайталануы қажет. Мәтіндердің баспа нұсқалары берілген күні және уақыты көрсетіліп, тіркеу нөмірімен екі данада тапсырылады. Сондай-ақ, үгіт материалында бейнелері пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаты қосымша беріледі (қайтыс болған жағдайда – олардың мұрагерлерінің жазбаша рұқсаты). Редакцияның жарнама бөлімінің қызметкерлері баспа нұсқасын қабылдау кезінде қабылдағаны туралы белгі қояды, қабылданған күнін, уақытын көрсетеді және мәтіннің екі данасында да лауазымын және тегін, атын, әкесінің атын көрсетіп, өзінің қолын қояды. Мәтіннің бір данасы жарнама бөлімінде қалдырылады да, екінші данасы оны тапсырған тұлғаға қайтарылады. «Егемен Қазақстан» газетінде үгіт материалдары жарияланған кезде «Сайлау-2016» айдарымен орналастырылатын болады. Егер конституциялық құрылысты күштеп өзгерту идеялары жария етілсе, республиканың тұтастығын бұзуды, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, сондай-ақ заңнамаларда қарастырылмаған әскерилендірілген құрылымдарды құру және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарында қарастырылған өзге де негіздерде, газет үгіт баспа материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы. Редакция басқа тұлғалардың ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттары бар үгіт материалдарын жариялаудан бас тартады.Үгіт материалдарын жариялау ақысын төлеу тәртібі
Саяси партиялар/өкілетті өкілдер үгіт материалының жарияланым құнының 100 пайызын материалды жариялау күніне дейін екі күннен кешіктірмей төмендегідей баға бойынша төлейді: - мақала – газет көлемінің 1 шаршы сантиметрі үшін 900 (тоғыз жүз) теңге; - модуль – газет көлемінің 1 шаршы сантиметрі үшін 900 (тоғыз жүз) теңге. Қызмет құнына 12% ҚҚС қосылған. Төлемақы Редакция ұсынған есепшот негізінде жүргізіледі. Төлемақы шартқа сәйкес көрсетілген деректемелер бойынша Редакцияның есеп айырысу шотына төленеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы үгіт материалдарын жариялау шарттары бойынша нормативтік-құқықтық актілерін қабылдаған жағдайда, сәйкес актілердің нормалары қолданыста болады. Жарнама бөлімі: е-mail: еgеmen_аdv@mаіl.ru Астана қаласындағы телефон: 8 (7172) 37-60-49, факс: 8 (7172) 37-64-48.