ҚОСТАНАЙ. 28 қаңтар. Қостанайда биологтар қалың жауған қардан құстар мен аңдар зардап шеккенін айтып отыр. Олардың пікірінше, облыс аумағының флорасы мен фаунасына үлкен шығын болуы мүмкін. Бұл туралы alau.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қалың түскен қардан ештеңе тауып жей алмаған ормандағы аңдар елді мекендерге кіре бастағаны туралы ақпараттар естіле бастаған. Кейбір жерлерде қардың қалыңдығы метрге дейін жетеді. Кәнігі аңшылардың айтуынша, мұндайда даладағы көптеген аңдар нәр таба алмайды, әсіресе, құстар зардап шегетін көрінеді.
Аңшы Дмитрий Усачев: «Тезірек қар тоқтату жұмысын бастаған дұрыс, қарды қара топырақ көрінгенше сүру керек. Сонда ғана даладағы елік, қоян аңыздағы бидай, сұлы, арпа қалдығын тауып жейді», – дейді. Қазір шаруа қожалықтары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мұндай жұмысты атқаруға қауқары жоқ. Олар қаржысын қар тоқтатуға шығарғысы келмейді.
Аңдар мен құстарға қиын болып тұрғаны мамандар да алаңдатып отыр. Биолог Андрей Андрющенко: «Әңгіме қардың қалыңдығында емес, оның қалай жауғанында болып отыр. Қараша айының аяғында жауған жаңбыр мұз болып қатты да, оның үстіне қар жауды. Аңдар мұзы қалай ойсын. Бұлан тұяқты аң болған соң тебіндер, ал ұсақ аңдар мен құстарға өте қиын», – деді.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерк, сурет: alau.kz.
• 28 Қаңтар, 2016
Қостанайда орнитологтар мен биологтар дабыл қағуда

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды
Президент • Бүгін, 17:38
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
Президент • Бүгін, 17:23
Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды
Президент • Бүгін, 17:05
Шымкентте балық шаруашылығын технологиялық жаңғыртудың жаңа бағыттары айқындалды
Аймақтар • Бүгін, 16:55
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:03
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Бүгін, 15:46
Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді
Спорт • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Президент • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Президент • Бүгін, 14:22
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты
Ғылым • Бүгін, 13:31
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 12:33
«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10