Бүгінде елімізде Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы науқаны басталды. Осыған орай жетекші партия – «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезі өтті. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баяндамасында айтылған мәселелердің барлығы да бүгінгі уақыттың тынысын дөп басады. Бүкіл әлемді бір тарының қауызына сыйғызған қаржы дағдарысы, алпауыт мемлекеттер арасындағы саяси және экономикалық текетірестер салдары Қазақстанды да айналып кете алмады. Жаһандану кезеңінде ешқандай мемлекет бір кеменің үстіндегі жолаушыдай әлемнен тыс тұра алмайды. Қазақстан да мұны бастан кешіп отыр. Дегенмен, Елбасы Қазақстан осы дағдарыстың, жаһандану үдерісінің иіріміне түсіп кетпеу үшін тығырықтан қалай шығудың жолдарын тағы да қолмен қойғандай етіп көрсетіп айтты. Дағдарысқа қарсы бағдарлама жүзеге асатын болады. Кең көлемді жекешелендіру, бизнесті дамыту, нарықтық таза бәсекені қалыптастыру, ең бастысы, уақыт талабына сай үнемдей білуді нақтылады. «Мың өліп, мың тірілген» аталарымыз «Қойып ішсең – қой қалады, тартып ішсең – тай қалады», «көрпеңе қарай көсіл» деген ғой. Бұл мәселе туралы Елбасының сөзі жүректерге жетті, әркім одан іштей түйін жасайды деп ойлаймын.
Тыныштығы жоқ, берекесі кеткен елдерде не болып жатқанын бүкіл әлем көріп отыр. Сондықтан, адамдар үшін бейбіт күннен, өз Отаныңнан, отыңның басынан артық не бар? Партия съезінде Елбасы бақыттың, қызық өмірдің барлығы да Отанымызда, туған жерде екенін айтты. Қазақстанда жасалған жағдайдың ықпалымен байып алып, енді ниеті далаға ауғандардың ісі дұрыс болар ма еді? Елбасы айтқандай, шетелдерде қаржысы, жылжымайтын мүлкі барлар оларды жариялап, сол қаржыға өзін өсірген туған елінде, Отанында кәсіпорындар ашса, отандастарына жұмыс орындарын ұсынса, бұл үлкен адамгершіліктің ісі болар еді. Мұның өзі сыртқы, қандай да бөтен күштердің ықпалына алдырмас, іштей ұю, бірігу, күшею болар еді. Солай боларына сенеміз. Өйткені, экономика дамыса, әлеуметтік сала гүлдене бастайды. Өзім осы салада қызмет еткендіктен, адамдар тұрмысының, денсаулығының жақсаруы жалпы еліміз дамуына тікелей тәуелді екенін жақсы білемін.
«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде айтылған мәселелер отандастарымды жақсы істерге ұмтылдырып, тағы да рухани күш берді.
Нәзима АСАНОВА,
Қостанай психоневрологиялық интернат үйінің директоры.
ҚОСТАНАЙ.

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20