«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVIІ съезіне делегат болып қатысу бақытына ие болдым. Жалпы, бала күнімнен съезд делегаттарына деген құрметім ерекше болатын. Менің сол кездегі ұғымымда олар баршамыздың көкейімізде жүрген түрлі сұрақтарға жауап тауып, күрделі мәселелерді шешетін, бір сөзбен айтқанда, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын ізгі жандар ретінде қалып қойған еді. Енді ат жалын тартып мініп есейген кезімізде де осы құндылықтардың өзгермегеніне көзім жетті. Жақсы өзгерістер алдындағы алқалы жиын мені ерекше сезімге бөледі, санама мемлекетшілдік нұрын құйып, игі істердің бастауында жүрсем деген ниетіме күш-қуат берді.
Съезд жұмысына келер болсақ, «Нұр Отан» дәл қазіргі қиын уақытта біздің елдің тағдырына жауап беретін саяси күш екенін тағы бір мәрте көрсетті. Партия Көшбасшысы, еліміздің Тұңғыш Президенті біздің ұйымның алдында тұрған асқаралы міндеттерді атап көрсетті, болашаққа жол сілтеді, сенім білдірді. Елбасының жігерлі де мазмұнды сөзі съезд делегаттарына үлкен ой салды, олардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыра түсті деген сенімдемін.
Иә, партияның сайлауалды бағдарламасы қабылданып, ұйымымыздың атынан депутаттыққа үміткерлер анықталды. Бүгінгі күннің шындығы партия қатарындағы жаңаша мазмұнда ойлайтын, жан-жақты білімі бар, парасат-пайымы мол үміткерлердің сынға түскенін қалайды. Ендігі мақсат – Елбасы, партиямыздың Төрағасы нұсқаған жолмен жүріп, халықтың сөзін сөйлеп, сенімін ақтау. Әлбетте, бұл жалаң сөз болмауы тиіс. Дәл қазіргі уақытта біздің экономикамызда, әлеуметтік салада қордаланып қалған мәселелер жеткілікті. Осы және халықтың көкейінде жүрген басқа да проблемалардың шешімін табудың өзі Елбасының «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында атап көрсеткен міндеттермен қабысып жатыр.
Алдымызда сын тұр. Сенім артып, қолдау білдіріп тұрған қара орман халқымыз барда қандай да болсын қиындықпен қаймықпай күресуіміз керек. «Нар жолында жүк қалмас» деген дана халқымыз. Кезектен тыс съезден кейін ел сенімін арқалаған нар партия «Нұр Отанның» да жолында орындалмаған міндет, ақталмаған үміт қалмасына сенімдімін!
Бекзат АЛТЫНБЕКОВ,
«Нұр Отан» партиясының мүшесі, кәсіпкер, Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты,
Жалпыұлттық «Алтын Жүрек» сыйлығының иегері.

Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05