Ақтауда 45 млн. теңгеден астам бюджет қаржысына салынған жаңа веложолдар опырылып қалды
Ақтау қаласындағы «Бәйтерек» сауда орталығының маңындағы 16 және 27 шағын аудандар аралығында жаңадан тротуар салынып, тұрғындар «әй, жарайсың»» деп іс басындағыларға бір риза болып қалғандай болып еді. Қуаныш ұзаққа бармады – тіл өтті ме, көз өтті ме, қайдам, жаңа жол өздігінен опырылып қалды. Айтушылар, жолдың опырылуы Ақтау қаласына соңғы кездерде жауған қар мен жаңбырдың әсерінен деп бір қойды. Тас төсеніштер коммуникациялық құбырлар үстіне қойылған. Жол салушылар Еуропаның қар жауып, ауа райы бұзылса, жер астындағы жылу құбырлары әсерінен тротуарлар бойларындағы қар еріп, жүрушілерге кедергі келтірмейді, көктайғақ болмайды деген әдісін негізге алғанға ұқсайды. Алайда, тастың сапасы секілді кейбір ерекшеліктер ескерілмесе керек. Жуырда ғана аяқталып, тұрғындар игілігіне ұсынылған аталмыш жолға Ақтау қалалық бюджетінен 45 млн.-ға жуық теңге қаржы бөлінген. Осынша қаржыға салынған жолдың қирап қалуы өкінішті...
Оқиғаны аңғарып, жар салған журналистер бастапқы кезеңде кімнен жауап аларын білмей дағдарған болатын. Араға бірер күн салып Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ө.Бисақаев аталмыш мәселеге маңында жарылған канализация құбырының әсері болғандығын айтып, жөндеу жұмыстары қолға алынғандығын жеткізді.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.

Испания мен Кабо-Верде кездесуінде гол соғылмады
Спорт • Кеше
ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Кеше
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Кеше
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Кеше
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Кеше
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Кеше
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Кеше