Қазақстан Жазушылар одағы жыр алыбының 170 жылдық мерейтойының қарсаңында «Жамбыл айлығын» жариялады
Үстіміздегі жылдың ақпан айының 28-інде Қазақстан халқы жыр алыбы Жамбылдың 170 жылдығын тойлайды. Осыған орай Қазақстан Жазушылар одағында «Жамбыл айлығы» басталып, журналистерге арналған алғашқы баспасөз мәслихаты өтті.
Жиналысты жүргізген жазушы, жамбылтанушы ғалым Нағашыбек Қапалбеков айлық кезінде республикамыздың түкпір-түкпірінде ұйымдастырылатын игі шаралардың – ұлы ақынның мұрасын зерттеу, зерделеу бағытындағы түрлі кештер мен ғылыми конференциялардың, симпозиумдар мен ән-жыр кештерінің бағдарламасы туралы айтып берді.
Ал өз сөзін:
– Жамбыл менің өз атым,
Халық – менің шын атым, – деген ұлы ақынның жырымен бастаған Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, сенатор Нұрлан Оразалин мерейтойдың Қазақстан Жазушылар одағында «Жыры әлемді шарлаған» атты сазды-кештен басталуының жайдан-жай еместігіне тоқталды. «Өйткені, ақындық өнерімен әлемді жаулап алған Жамбыл есімі ешқандай да таныстыруды қажет етпейтін феномен құбылыс», деді тебірене сөйлеген ақын-сенатор Нұрлан Оразалин.
Елордамыз Астанада «Жамбыл айлығының» аясында да ақпанның 18-і күні «Жыр алыбына тағзым» атты әдеби сазды кеш өтеді.
Жазушылар одағының үлкен залында ақындар жырдан шашу шашты. Атақты «Сүйінбай сазы» ансамблі концерт қойды.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Испания мен Кабо-Верде кездесуінде гол соғылмады
Спорт • Кеше
ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Кеше
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Кеше
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Кеше
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Кеше
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Кеше
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Кеше