АСТАНА: 30 қаңтар. «Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабы құрылды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметінің ақпары бойында egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бүгін партияның орталық аппаратында өткен брифингте партия Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов Мәжіліс сайлауына республикалық сайлауалды штабтың құрылғанын, оның құрамына қоғам қайраткерлері мен партияның саяси кеңесінің мүшелері кіргенін айтты. Соынмен бірге ол партияның кезектен тыс XVІI съезінде Парламент Мәжілісінің депутаттары сайлауына арналған партиялық тізімінің бекітіліп, жаңа сайлауалды бағдарламаның қабылданғанын атап өтті. Асқар Мырзахметов штаб жұмысының басты міндеті – «Нұр Отан» партиясының парламенттік және мәслихат сайлауында халықтың басым бөлігінің дауысын жинауы, деді.
Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда партияда әлеуметтік топтарға жататын тұрғындармен нақты іс-қимыл жоспары әзірленіп, республикалық желілік кесте қабылданып, медиялық жоспар бекітілді.
«Еліміздің барлық өңірлерінде сенімді өкілдер мен партия белсенділерінің жұмысын үйлестіретін дәл осындай 16 аймақтық және 208 аумақтық штаб құрылады. Олардың құрамында 3,5 мыңнан аса адам болады. Барлық штабтардың жұмысына 29 мыңнан астам сенімді өкіл, сондай-ақ 27 мыңнан астам партия белсенділері қатысады», деп хабарлады баспасөз қызметі..
Республикалық сайлауалды штабты партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Асқар Мырзахметов басқарады.
Дастан Кенжалин.
Дерек: nurotan.kz
Сурет: personalakorda.kz

Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05
Баға өсімі баяуласа, тұрмыс түзеле ме?
Баға • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:58
Жетісудың су қоры: Түйінді мәселелер мен тиімді шешімдер
Талбесік • Бүгін, 08:55
Дастан Сәтпаевқа «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды
Оқиға • Бүгін, 08:53
Жабайы қызғалдақтар қорғауды қажет етеді
Талбесік • Бүгін, 08:50
Қыздардың еншісінде – бес медаль
Бокс • Бүгін, 08:48
Айбын • Бүгін, 08:45
Жәдігер • Бүгін, 08:43
Келісімшарт кәсіби армияның тірегі ме?
Әскер • Бүгін, 08:40
Қоғам • Бүгін, 08:38
Айбын • Бүгін, 08:35
Шегірткеге қарсы күрес қарқын алды
Мәселе • Бүгін, 08:33