АСТАНА. 1 ақпан. Нигерияның солтүстік бөлігіндегі Майдугури қаласына таяу маңдағы елді мекенде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 86 адамға жетті. Сондай-ақ, 62 тұрғын түрлі жарақат алды. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Лаңкестік әрекетке барған тағы да «Боко харам» ұйымының лаңкестері екені анықталды. Олар аймақ тұрғындарымен қатар жақын маңайдағы босқындар лагеріне де шабуыл жасаған.
Куәгерлердің айтуынша, содырлар тобы Далори елді мекеніне арнайы әскери киім киген күйде бірнеше мотоциклмен, жүк көліктерімен келген. Келген беттерінде жарылғыш заттарды лашық үйлерге лақтырып, артынша бей-берекет оқ жаудырған. Қашып құтылмақ болғандардың арасында жанкештілер пайда бола кетіп, өздерін жарып жіберді. Маңайда сау баспана қалмаған.
Тәртіп сақшылары оқиға орнына келгенімен лаңкестерге тойтарыс бере алмай, қосымша жасақ тобын күтті. Осыдан соң ғана лаңкестер ұйымы шегініс жасаған.
Айта кетейік, аталған ұйымның шабуылынан соңғы 6 жыл ішінде 20 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тауып, ондаған мыңы түрлі жарақат алған. Осыған байланысты 2,5 миллион адам баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Аталған топ көбіне Нигерияның солтүстік-батысында, сондай-ақ, Камерун мен Чад елдеріне террорлық шабуыл жасайды.
Аян Әбдуәли.
Дерек: interfax.ru.
Сурет: 112.ua.
• 01 Ақпан, 2016
Нигериядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 86 адамға жетті

Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25