Сенат бюросының кезекті отырысында палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттарды «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезі барысындағы Президент Н.Назарбаевтың сөзіне жіті назар аударуға шақырды. «Партия мен халық алдында тұрған міндеттер жайында салмақты әңгіме болды. Мемлекет басшысының сөзі мазмұны бойынша өте терең және Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлаулары қарсаңында жол көрсететін бағдар болуы тиіс», – деді Қ.Тоқаев.
«Бүкіл Парламенттің заң шығару міндетін орындай отырып, Сенат Президент саясатын іске асыруға жоғары жауапкершілікпен әрі біліктілікпен атсалысады және бұл жауапкершілік, ең алдымен, қабылданатын заңдардың сапасына қатысты», – деп атап өтті Сенат Төрағасы.
Ал Сенат Бюросы жоғарғы палатаның 2016 жылғы 4 ақпанда болатын кезекті отырысының күн тәртібін келісті. Сенаторлар Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы Адамдарды қабылдау және транзиттеу туралы келісімді (реадмиссия туралы келісім); Қазақстан мен Чехия үкіметтері арасындағы Заңсыз келген адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді; Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды жіберу кезінде авариялар болған жағдайдағы өзара іс-қимыл тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын талқылайды.
Бюрода, сондай-ақ, Мәжілістің тарауына байланысты Парламенттің төменгі палатасының Аппаратынан сұратып алынған 16 заң жобасы Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді. Атап айтқанда, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне Қазақстан мен Молдова арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді және заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру бойынша атқару хаттамасын ратификациялау туралы заң жобасын жүргізу тапсырылды.
«Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің шекара мәселелері бойынша ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне берілді.
Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол жолаушылар көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; «Пошта туралы» және заңнамаға пошта мәселелері бойынша түзетулер; «Лотерея және лотерея қызметі туралы» және заңнамаға лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша түзетулер; Қазақстан мен Словакия Үкіметтері арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары бойынша бас комитет болып белгіленді.
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыстарға басшылық етеді.
Заңнамаға ғарыш қызметі; астық нарығын реттеу; Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу мәселелері бойынша түзетулерді; Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттаманы және Құрылықтық қайраңда орналасқан стационарлық платформалар қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы хаттамаға 2005 жылғы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын жүргізу Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне берілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
• 02 Ақпан, 2016
Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев: Президенттің сөзі – еліміз үшін жол көрсеткіш бағдар

Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25