Ресейдің Свердлов облысында тұратын зейнеткер әйел қайта есептеуден кейінгі төлем бойынша екі айдың көлемінде... 32 миллион рубль ақша алады. Бұған дейін әдетте 16 мың рубль ғана алып келген қария қатты таң қалғандықтан, ақшасын да көп аса жарата қоймайды.
Оқиға өткен жылдың соңына қарай орын алған екен. Зейнеткерге ұлғайтылған зейнетақы қараша және желтоқсан айларында әкеліп берілген көрінеді. Алайда, «Южный Урал» мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері өздерінің тараптарынан кеткен бұл кемшілікті осы жылдың басында ғана аңғарыпты. Содан кейін зейнетақы қорының қызметкерлері құстай ұшып, зейнеткерге қайта келген.
«Қазір барлық сома қайтарылып алынды. Ал зейнеткер әйел 30 мың рубльді жаратып үлгеріпті деген қауесетте шындық жоқ. Керісінше, ол кісі мұншалықты көп ақша алғасын, оған қатты күмән келтіріп, жаратуға да қорыққан сияқты. Оның үстіне, бұл кісінің өте тәртіпті адам екенін бұрыннан білеміз», – деді зейнетақы қоры Южноуральск бөлімшесінің бастығы Любовь Пименова.
Бірақ осындай орашолақтық жасап алған бөлімше бастығының мәселесі шешіліп те қойған сияқты. Қазір еңбек демалысында жүрген оның бұл орында ұзақ отыра алмайтын түрі бар.
Руслан ИГІЛІК.

Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25