03 Ақпан, 2016

Көкшетау қалалық әкімшілік соты жыл ішінде 35 803 іс қарады

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-01-16-sud-1

КӨКШЕТАУ. 3 ақпан. Ақмола облысы, Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2015 жылы жалпы саны 35 803 әкімшілік істер қарауға қол жеткізді. Бұл туралы облыстық сот баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz хабарлады. Қаралған істер бойынша келесі әкімшілік жазалар тағайындалды. Олардың арасында 44 адамдарға ескерту, 1438 әкімшілік айыппұл, 542 қамаққа алу, 1238 арнайы құқықтан айыру және 26 адамды республика шеңберінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу секілді жазалар түрлері бар. Сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 819-бабына сәйкес (Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде анықтауға жататын мән-жайлар) жауаптылықты жеңілдететін бар жағдайға әкімшілік айыппұлдың қысқартылған сомасын қолданды. Қазақстан Республикасына көшiп келушілердің келуі және болуы қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жазалар тағайындалды. Оның негізін Өзбекстан мен Қырғызстан Республикаларының азаматтары құрады. Сотта 2015 жылдың желтоқсан айынан бері барлық сот отырыстар бейне-жазба құралын қолдануымен өткізіледі. Сот 2015 жылдың қазан айынан бері «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы әкімшілік істер қабылдайды. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.