Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешенінде VІ Ұлттық республикалық Қысқы Универсиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
Келер жылы күллі дүниенің назары ауып, Қазақстанда өткізілетін ең дүбірлі шара – Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарына жолдама алу мүмкіндігін тудырып отырған бұл республикалық аламанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов еліміздің 34 жоғары оқу орындарынан жиналған спортшы студенттерді Универсиада ойындарының басталуымен құттықтап, оларға сәттілік тіледі.
– Бұл VІ Ұлттық Универсиада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Осы бір ширек ғасыр ішінде Қазақстан әлеуметтік-экономика саласында да, спортта да үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі Универсиада ойындарында еліміздің түкпір-түкпірінен келген мыңнан астам спортшы студент бақ сынап, өзінің физикалық әлеуетін сарқа жұмсайды. Ал жеңімпаз атанғандар 2017 жылы Алматыда өтетін ХХVІІІ Бүкіләлемдік Қысқы студенттік универсиада ойындары барысында ұлттық құрама команда сапында өнер көрсетіп, ел намысын қорғайтын болады, – деді Аслан Сәрінжіпов.
Студенттік спорт федерациясының президенті Қайрат Зәкіриянов FISU (Халықаралық студенттік спорт федерациясы) ұйымының жіберген құттықтау хатын оқып беріп, алдағы Бүкіләлемдік Универсиадаға дайындықтың жоғары деңгейде жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Ол өз сөзінде денсаулықтың мықты болуы медицинаға ғана емес, адамның өмір сүру салтына да байланысты екендігін жеткізе отырып, спортшы жастарға жеңіс тіледі, ел намысын қорғап, қазақ туын биіктерден желбіретуге шақырды.
Сондай-ақ, спорттың қысқы түрлерінен өткізілетін аламанның ашылу салтанатына арнайы келіп қатысқан еліміздің айтулы спорт жұлдыздары Жақсылық Үшкемпіров, Елена Хрусталева және Ермахан Ыбырайымов спортшы жастарға қолдау көрсетті. Спорт мерекесінің ашылу рәсімі аясында студенттік көркемөнерпаздар ұжымдары және танымал Ringo тобының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылды.
Жетісу жерінде ақпан айының 6-17 аралығында ұйымдастырылып отырған VІ Ұлттық Универсиада ойындарында студент жастарымыз қысқы спорттың 10 түрінен бақтарын сынайды.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
Суреттерді түсірген
Юрий БЕККЕР.

Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46