Кеше «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өтті. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі А.Оспановтың айтуынша, бұл жерде азаматтарға барлық жағдай жасалыпты.
Мәселен, оларға кәсіби заңгерлер мен адвокаттардың, медиаторлардың, банк омбудсмені кеңесшісінің тегін консультацияларын алу, жазбаша өтініштер беру мен олардың қаралу барысы туралы ақпарат алу, e-gov электрондық порталы арқылы мемлекеттік қызмет түрлерін алу қызмет түрлері жатады екен.
«Жалпы, 2015 жылы «Нұр Отан» партиясына түрлі мәселе бойынша өз өтініштерімен 89 мыңнан астам азамат келді. Олардың әрбір бесіншісінің көтерген мәселесі оң шешімін тапты. Партия фракциясына мүше болған депутаттардың, мемлекеттік, құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен 22 мыңнан астам жеке қабылдау өткізілді», – деді бұл жөнінде А.Оспанов.
Қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген азаматтардың 21 пайызын жұмыспен қамту және еңбек шарттарының орындалмауы, 18 пайызын тұрғын үй мен жер, 14 пайызын әлеуметтік қамтамасыз ету, тағы 14 пайызын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері толғандырса, құқық қорғау органдарына қатысты арыз-шағымдарын жеткізгендердің саны 11 пайызды құрады.
«Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі тұрақты негізде Парламент Мәжілісінің депутаттары – «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері мен мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының қабылдаулары ұйымдастырылатын, акциялар мен түрлі тақырыптық және көшпелі қабылдаулар өткізілетін үнқатысу алаңына айналды. Мәселен, 2015 жылы партия фракциясы депутаттарының қатысуымен – 77, мемлекеттік, құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен – 68, оның ішінде тікелей министрлердің қатысуымен 22 қабылдау өткізілді. Ал заңгерлер мен адвокаттар 200-ге жуық қабылдау ұйымдастырды», – дейді Қабылдау бөлмесінің меңгерушісі.
Жалпы, мұнда аптасына өздерінің арыз-шағымдарын, өтініштерін алып 100-ден аса адам келеді екен. Қазіргі таңда елімізде 8000804441 нөмірі бойынша бірыңғай «Жедел байланыс желісі» тұрақты түрде жұмыс істейтін көрінеді.
Кеше Қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген жандардың арасында елорданың №65-ші мектеп-гимназиясында денешынықтыру пәнінен сабақ беретін Құттыбек Әскербек те болды. Ол 2011 жылы мемлекеттік қызметкер ретінде үй кезегіне тіркеліпті.
«Мен бұл жерге жаңа бағдарлама бойынша, яғни Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы арендалық баспана алуға болады дегенді естіп келдім. Қоғамдық қабылдауда маған мән-жайды барынша түсіндіруге тырысты. «Конкурстар болып тұрады. Сайттан қарап отыру керек, егер тіркеу құжаттарыңызды өткізетін болсаңыз, 2 ай көлемінде немесе одан да тез уақыт аралығында үй алуға болады», – дегенді айтты. Осылай дей келе, ол бұл жерде өз сауалдарына толықтай жауап алғанын, баспана мәселесі бойынша алдағы күннен үміт күтетінін жеткізді.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».

Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46
Ел тұрғындарының жылдық шығыны 1,3 млн теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:32
Қазақстанда телефондарды тіркеу ережесі өзгереді
Оқиға • Бүгін, 14:16
Елімізде 14 мамандық мүлдем жойылады
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37