АҚТАУ. 9 ақпан. Маңғыстау облысындағы ең ірі мешіт Жаңаөзен қаласында салынуда. Бұл туралы Skifnews.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осыдан 3 жыл бұрын басталған мешіттің құрылысына маңғыстаулықтар бастама көтеріп, құрылыс жұмыстарына жұмсалып жатқан қаражатты жергілікті тұрғындар өздері жинап берген. Халықтан жиналған ақшаны мақсатты түрде жұмсау үшін «Ынтымақ» қоры құрылған болатын. Алғашында қорға жергілікті тұрғындармен бірге, «ҚазМұнайГаз» жұмысшыларының садақасынан түскен 79 миллион теңге жиналған. Аталмыш көлемдегі қаржы мешіттің тек бірінші қабатын салуға ғана жеткен. Сонан соң, мешіт құрылысы 2 жылға тоқтап, 2015 жылдың қазан айында қорға түскен 5,6 миллион теңге қаржы негізінде жалғасын тауып, осы ақшаға мешіт ауласынан асхана салынып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда демеушілердің көмегімен неке бөлмесі мен балаларды оқытуға арналған дәрісханалар, қызметтік бөлмелер және намазхана орналасқан ғибадат үйінің екінші қабаты салынып бітті.
«Бұл Маңғыстау облысындағы ең үлкен мешіт болады. Егер Ақтаудағы орталық мешітке 1000 адам сыятын болса, мұнда бір мезгілде 1500 адам намазға жығыла алады. Қазіргі таңда мешіт құрылысна өз еріктерімен келіп 25 адам еңбек етуде. Айт намазына дейін құрылыс жұмыстарын толық аяқтауды жоспарлап отырмыз», – дейді құрылыстың басы-қасында жүрген кәсіпкер Қ.Қызанбаев.
Мешітті толықтай салып бітіру үшін тағы 200 миллион теңгедей қаражат қажет.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек: skifnews.kz.
Сурет: inform.kz.
• 09 Ақпан, 2016
Жаңаөзенде Маңғыстау облысындағы ең ірі мешіт салынуда

Жасанды интеллект шамамен 4 миллион адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29
Қазақстанның байлығын жасанды интеллект іздей бастады
Жасанды интеллект • Бүгін, 12:19
Жедел жәрдем қызметкерлері жылына 8 миллион адамға көмек көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 12:13
Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі
Инновация • Бүгін, 12:05
Енді жасанды интеллект кәсіп ашуға тиімді орынды таңдап береді
Бизнес • Бүгін, 11:52
Алматыда операторларға залал келтірген қылмыстық топтың схемасы әшкере болды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:41
Жасанды интеллект арқылы Қазақстан шекарасынан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады
Инновация • Бүгін, 11:27
Израиль Ливанға әуеден шабуыл жасады
Әлем • Бүгін, 11:21