09 Ақпан, 2016

Ақтөбеде сот пен БАҚ-тың ынтымақтастығына арналған жиын өтті

372 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
09-02-2016-Aktobe 01АҚТӨБЕ. 9 ақпан. Ақтөбе облыстық сотының ғимаратында «Соттардың БАҚ-пен өзара ықпалдастық жұмысын жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған облыстық соттың алқа, қалалық және мамандандырылған соттардың төрағалары, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Дөңгелек үстелді кіріспе сөз сөйлеп ашқан облыстық сот төрағасы Ерлан Айтжанов сот жүйесінің беделі халықтың оған деген көзқарасы, сенімі арқылы айқындалатындығын, соттардың жұмысы халық үшін қолжетімді болуы керектігін атап өтті. Сот жүйесін жетілдіру мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап республика соттары жаңа форматтағы жұмысқа көшкенін мәлімдеді. Жоғары кәсіби білікті судьялардың корпусын құруға, сот жүйесін жаңғыртуға, инвестициялық даулар бойынша сот өндірісінің жаңа моделін құруға және судьяларды зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіруге бағытталған заңнамаларға өзгерістер енгізілгеніне, сонымен қатар жаңа Азаматтық процестік кодекс қабылданғанына тоқталды. Сондай-ақ, ол биыл жаңа «Судьялар әдебі» кодексінің қабылданатынынан хабардар етті. Кездесуде облыстық соттың БАҚ-пен жұмысты үйлестіруші-судьясы М.Жарқынбеков өткен жылғы жұмысты қорытындылады. БАҚ-тағы облыстың сот жүйесіне қатысты жарияланымдар туралы жергілікті РИКА медиа тобының бас редакторы М.Васильева баяндады, ал, республикалық «Заң» газетінің меншікті тілшісі Б.Жаншаева осы бағыттағы жұмысты жетілдіру жайында өз ұсыныстарын жеткізді. Соттар әкімшісінің басшысы Ә.Мамбетов облыс соттарының жұмысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу бойынша түсінік берді. Сот және бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы байланыстың тиімділігі, сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі мәселелері бойынша БАҚ-пен қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі және жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін Ақтөбе қаласының №2 соты бірінші, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты екінші және Шалқар аудандық соты үшінші орынды иеленіп, Алғыс хаттармен марапатталды. Кездесу соңында БАҚ өкілдерінің барлық сауалдарына жауап беріліп, сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың маңызы мен мазмұны түсіндірілді. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz. 09-02-2016-Aktobe 02 09-02-2016-Aktobe 03