Кеше Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, ақын, журналист, жазушы және сазгер Әкім Ысқақтың «Көңіл қымбат» атты шығармашылық кеші өтті.
Оған еліміздің беделді тұлғалары, бас редакторлар клубының мүшелері, қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар, ұстаздар және студенттер қатысты. Ақынның «Көңіл қымбат» деп аталатын жаңа кітабының тұсаукесер «лентасын» академик Болат Көмеков пен Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков қиды. Көңілді кештің құрметті қонақтары жазушының өлеңдерін жатқа оқып, әндерін орындады.
– Бүгінгі басқосудың орны ерекше, олай болатын себебі, менің «Көңіл қымбат» деген авторлық радиобағдарламам бар. Мен осы бағдарламаны бірнеше жылдан бері жүргізіп келемін. Енді, міне, арнайы кітап етіп шығардық. Шынында да, адам баласына мына өмірде көңілден қымбат ештеңе жоқ. Сенің қаншама миллиондаған ақшаң болғанымен, адамдық қасиетің болмаса ешкім де бағаламайды. Қазақта «күлкі – ашылған гүл, көңіл – шашылған нұр» деген жақсы бір мақал бар.. Мына өмірге келген әрбір азамат адамдық қасиетімен танылып, біреуге жақсы сөзін арнаса ғана, жақсы жауап еститіні анық. Сол себепті, бұл фәниде адамдық көңілдің қымбат екендігіне еш талас жоқ.
Жалпы, бүгінгі кездесу Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына, Қазақ радиосының 95 жылдығына және Шалқар радиосының 50 жылдығына арналып отыр, – деді кеш иесі Әкім Ысқақ.
Сонымен қатар, ақынға «Халықаралық журналистер одағының мүшесі» төсбелгісі табыс етілді.
Эльмира МӘТІБАЕВА,
«Егемен Қазақстан».

Жасанды интеллект шамамен 4 миллион адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29
Қазақстанның байлығын жасанды интеллект іздей бастады
Жасанды интеллект • Бүгін, 12:19
Жедел жәрдем қызметкерлері жылына 8 миллион адамға көмек көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 12:13
Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі
Инновация • Бүгін, 12:05
Енді жасанды интеллект кәсіп ашуға тиімді орынды таңдап береді
Бизнес • Бүгін, 11:52
Алматыда операторларға залал келтірген қылмыстық топтың схемасы әшкере болды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:41
Жасанды интеллект арқылы Қазақстан шекарасынан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады
Инновация • Бүгін, 11:27
Израиль Ливанға әуеден шабуыл жасады
Әлем • Бүгін, 11:21