еліміздегі жүргізіліп жатқан реформалардың жаңғырығы
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлт Жоспары аясындағы сот жүйесінің дамуына сарапшылық көзқарас: талдау, келешегі мен ықтимал тәуекелдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Жоғарғы Сот судьялары, құқық қорғау саласының мамандары, заңгерлік және ғылыми қауымдастықтың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері және Сот төрелігі институтының магистранттары қатысты.
Дөңгелек үстел отырысында еліміздегі сот жүйесінің дамуы, Қазақстанның ең басты құндылығы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары айтылып, Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Бұл тұрғыда сөз алған Жоғарғы Сот судьясы Бағлан Мақұлбеков еліміздің егемендікке қол жеткізген жылдарынан бергі сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуын, халықтың судьяларға деген сенімін атап өтті. Сондай-ақ, ол «100 нақты қадамдағы» отандық сот жүйесін түбегейлі өзгертуге бағытталған 11 қадамның іске асырылу барысына тоқталды.
«100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарында көрсетілгендей, сот жүйесін дамыту, адам құқығы мен бостандықтарын қалыптастыру, халықтың сенімінен шығу бағыттары бойынша Жоғарғы Сот пен барлық өңірдегі судьялар қыруар шаруалар атқарып келеді. Елімізде сотқа шағым түсірген талапкердің талап-арызын қанағаттандыру, әділ үкім шығару секілді жүйелер қазақстандықтардың демократиялық қоғамда өмір сүріп отырғанын білдіреді. Біз, аталған 11 қадамның іске асырылуына басымдық беріп, сот салаларын оңтайландыруға айрықша назар аударып келеміз, – деді.
Сондай-ақ, Жоғарғы Сот судьясы алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейту, сотта айыпталушы мен қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету, судьялыққа үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен іріктеу кезеңін қатаңдату секілді мәселелерді ортаға салды. Бұл орайда Бас прокуратураның Соттарда мемлекет мүддесіне өкілеттілік ету департаменті басшысының орынбасары М. Әбішев сөз алып, өз ойын білдірді. Ол азамтаттық процеске прокурордың қатысуын қысқару туралы ұсынысын айтып, сот жүйесіндегі қадағалаушы органның қызметін баяндады. Прокурордың пайымдауынша, еліміздегі сот жүйесінде және дамуында халықаралық стандартқа сай ілгерілеушілік бар көрінеді.
– Бұл, әрине, ілкімді істердің іргесінде тұрған судьялар мен прокурорлардың жемісті еңбегі, нәтижелі жұмысы, – деді М.Әбішев.
Жалпы, дөңгелек үстелге қатысушылар сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың тәжірибелік маңыздылығын, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы аталған 11 қадамның іске асырылу тетіктері турасында өз ой-пікірлерін тарқатты. Жиынның қорытындысында сөз алған Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Ж.Әбдиев:
– «Ұлт Жоспары» заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы соттар жұмысын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Бес институттық реформаның ең басты тәжірибелік құндылығы да осында, – деді.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан».
АСТАНА.

Жасанды интеллект шамамен 4 миллион адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29
Қазақстанның байлығын жасанды интеллект іздей бастады
Жасанды интеллект • Бүгін, 12:19
Жедел жәрдем қызметкерлері жылына 8 миллион адамға көмек көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 12:13
Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі
Инновация • Бүгін, 12:05
Енді жасанды интеллект кәсіп ашуға тиімді орынды таңдап береді
Бизнес • Бүгін, 11:52
Алматыда операторларға залал келтірген қылмыстық топтың схемасы әшкере болды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:41
Жасанды интеллект арқылы Қазақстан шекарасынан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады
Инновация • Бүгін, 11:27
Израиль Ливанға әуеден шабуыл жасады
Әлем • Бүгін, 11:21