«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев пен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен Алматы қаласы кәсіпкерлерінің дәстүрлі ІІ конференциясында бизнестің жүйелік проблемаларын шешу мәселелері талқыланды.
Отандық бизнестің сан түрлі мәселелерін сөз еткен бұл жиынға Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов, сондай-ақ, «Бәйтерек» ұлттық холдингі, қаржы және даму институттары мен Алматы қаласының шағын және орта бизнес субъектілерінің басшылары қатысты.
Алқалы кеңесте бүгінгі таңда бизнес әріптестік үшін ең өзекті проблемалардың бірі – экономиканың даму инфрақұрылымына қосылу және қолжетімділік мәселелері кәсіпкерлер үшін әлі де алынбас қамал боп тұрғандығы айтылды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев кәсіптік-техникалық білім берудің дамуы мен бизнестің сатып алудағы рөлі туралы, палата басшысының орынбасары Юлия Якупбаева қазіргі нарық жағдайындағы бизнесті жекешелендіру мен заңдастыру тақырыбында баяндамалар жасады.
Өз сөзінде Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов кәсіпкерлердің қалалық палатасы Алматы қаласы бойынша үнемі бизнестің жүйелі мәселелеріне сараптама жүргізіп отыратындығын айта келіп, отандық бизнестің алдында тұрған негізгі кедергілерді атап көрсетті. Оның айтуынша, осы жылғы мониторинг жүргізу барысында қала бойынша 3 мыңнан астам бизнес субъектілер қамтылып, қорытындысында 1139 кәсіпорындардың нақты мәселелері анықталған, кәсіпкерлік саласында жиі кездесетін жүйелі мәселелер – отандық өндірушілердің өнімін өткізу, қаржы ресурстарының қолжетімділігі, сатып алулар мен жергілікті қамту жұмыстары, әкімшілік кедергілер, бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігі, нарық қатынасында болып тұратын өзге де мәселелер, салық жүйесінде кездесетін мәселелер деп нақты 7 топқа топтастырылған.
Анықталған мәселелерге орай Ұлттық кәсіпкерлер палатасының осы проблемаларды шешу бойынша бірқатар ұсыныстар әзірлегенін жеткізді.
Бауыржан Байбек Алматы қаласы еліміздегі бизнестің орталығы және отандық кәсіпкерлерге қалада мейлінше жайлы жағдай тудыру күн тәртібінен түспейтін мәселе екендігін айта келе, қазіргі таңда республика бойынша жүргізіліп отырған жекешелендірудің екінші легі бизнесті дамытуда үлкен рөл атқаратындығын да жеткізді.
Бұдан өзге аталмыш жиында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан басқа да ұсыныстар айтылды. Олардың ішінде шағын және орта бизнестің айналымдық қаражатын қаржыландыру және валюталық қарыздарын қайта қаржыландыруды ұсыну, Ұлттық банкке екінші деңгейлі банктерге бірыңғай мөлшерлеме бойынша қысқа мерзімді өтімділікті жүзеге асыру мүмкіндігін беру, сонымен бірге, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша бөлінетін бюджеттік қаражат көлемін арттыру жағы ұсынылды.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты
Технология • Бүгін, 21:59
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 21:19
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцогтың келіссөзі кеңейтілген құрамда жалғасты
Президент • Бүгін, 20:48
Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 20:29
Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Оқиға • Бүгін, 19:56
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Бүгін, 19:26
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58