Қазір маңдайды шыт орамалмен шарт байлап, шапанның бір етегін белбеуге қыстырып, көлдей орамалмен маңдайдың терін бір сүртіп, ай жүзді кетпенмен жер аудару өткен шақ болып қалды. Тыңайтқыш дегенде қой, сиырдың қыс бойғы жиналған көңін айдалған жерге төгіп, тыңайтқыш бердім деп малданудың да күні келмеске кетіп барады.
Жаңа технологиясы қарыштап дамыған Америка, Еуропа және Қытай шаруалары жерінен бір уыс топырақ алып топырақ зерттеу институтына тапсырады. Зерттеудің нәтижесі бойынша жерің жыл сайын салатын көңге зәру емес, ағзасы басқа тыңайтқыштарды қалайды екен. Осылайша, баяғыдай демалдыруға бос танап қалдырмай жыл сайын мол өнімнің астында қаласыз.
Мол өнім – мол табыс. Оңтүстікте тамшылатып суару мен минералды тыңайтқыштарды пайдалану бойынша ауылшаруашылық семинары өткенде жоғарыдағы жайттар тағы да байқалып қалды. Облыстық Кәсіпкерлік мектебі мен «КосАгроКоммерц» компаниясы бірлесіп өткізген семинарда диқандарға жабық топырақта қызанақ, қияр және алма түптерін тамшылатып суаруда суда тез еритін Calcinit пен Kristalon тыңайтқыштарының жаңа түрлері таныстырылды. Семинарға арнайы шақырылған финляндиялық «Yara» компаниясының өкілі Улла Сундел IOS және Android платформаларынан табуға болатын «Yara CheckIT» мобильді қосымшасын да таныстырды. Бағдарламаның ішінде өсімдіктің ауруға шалдығуының себебін анықтап, оның алдын алатын емдеу амалдары туралы нұсқаулықтар орналасқан.
Бұл жобаға дүниежүзінің елу мемлекетінің агрономдары жоғары баға бергендігі айтылды. Енді ауыл шаруашылығындағы әлемдік жаңа технологияның жетістігін оңтүстікқазақстандық шаруалар да көретін болады. Бұған қоса айтарымыз, Оңтүстік диқандары аз жерден көп дақыл алуға болатын италиялық технологияны еркін меңгерген. Сәл жел соқса сау етіп жерге төгілетін, шұрық тесік алмалар орнына сымға керіп ергежейлі бойлы алма көшеттерін көптеп отырғызып жатыр. Қоңыр күзде осы әлжуаз көшеттер шыбығы жерге тиердей болып жеміс салады. Үлкендігі кәрлен кеседей, дәмі жартысы бал, жартысы қант.
Облыс әкімдігінің ұйытқы болуымен шетелдік үздік технология Оңтүстік жерін осылайша жерсініп жатыр.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.

Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12