16 Ақпан, 2016

Қарағандыда Ауған соғысына арналған фотокөрме өтті (фото)

737 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16-02-2016 augan sogisi 5ҚАРАҒАНДЫ. 16 ақпан. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде совет әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 27 жылдығына арналған «Құрметке лайықты жандар» атты қалалық фотокөрме өтті. Бұл туралы ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Көрмеге интернационалист-жауынгерлер одағы ұсынған фотосуреттер қойылды. Студенттер Ауғанстан елінде болған соғыс қимылдары туралы аса сирек кездесетін кадрлармен танысуға мүмкіндік алды. Аталған шара өскелең ұрпақтың бойындағы еліне, жеріне, өз халқының тарихына деген мақтаныш сезімін арттырады. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: ekaraganda.kz. 16-02-2016 augan sogisi 1 16-02-2016 augan sogisi 2 16-02-2016 augan sogisi 3 16-02-2016 augan sogisi 4