17 Ақпан, 2016

Павлодарда жауынгерлерге құрмет көрсетілді (фото)

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17-02-2016-Ardager 1ПАВЛОДАР. 17 ақпан. Павлодардағы «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамында Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 27-жыл толуына байланысты еңбек етіп жүрген интернационал-жауынгерлерге құрмет көрсетіліп, ақшалай сыйақылар берілді. Бұл жайында egemen.kz тілшісі хабарлады. «Қазақстан алюминийі» кәсіпорынында 30 интернационал-жауынгер еңбек етуде. Оларға материалдық көмек және заманауи құралдармен жабдықталған медициналық орталықта қызмет көрсетеді. Электрлік жүйелер цехының бастығы Геннадий Волков марапатталды. Ол бұрынғы мотоатқыштар бөлімшесінің пулеметшісі болған. Қазір кәсіпорындағы электрлі жүйелер цехын басқарады. Бұл күні ауған соғысына қатысқан кешегі жауынгерлер, бүгінгі металлургтер қалалық іс-шараларға да қатысты. Облыс орталығындағы «Даңқ» ескерткішінің жанында өткен митингте өздерінің қаруластарын еске алды. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz. 17-02-2016-Ardager 2 17-02-2016-Ardager 3