17 Ақпан, 2016

Павлодарда «Жарқын болашақ» олимпиадасы мәресіне жетті

892 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ПАВЛОДАР. 17 ақпан. Халықаралық KATEV қоғамдық қорының бастамасымен облыс орталығындағы «Ертіс дарыны» оқу-әдістемелік орталығы қазақ-түрік лицей-интернатында 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді. Бұл жайында «Ертіс дарыны» орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Олимпиада жұмысы 5 бағыт бойынша жүргізілді: қазақ тілі мен әдебиеті, мәнерлеп оқу, вокал, ғылыми жоба, жазбаша шығармашылық жұмыс. Байқауға 64 өзге ұлт өкілі, 76 ауыл мектептерінен, 70 дарынды балаларға арналған арнайы білім ордаларынан келген оқушылар қатысты. Олар «Тілші-әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші-бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Жазушылар» сайыстарында қазақ тілінен білім жарысына түсті. Сайыстың ұйымдастыру комитеті әділ қазылар мүшелері ғалымдар, мұғалімдерге «Тіл жанашыры» сувенирлерін табыстады. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орындар былайша орналасқан: І орын – 9, ІІ орын – 24, ІІІ орын – 37. Айта кетейік, Астанада наурыз айында өткізілетін VIІІ республикалық олимпиадасына облыстық кезеңінің жеңімпазы болған 9 оқушы жіберіледі. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz.