19 Ақпан, 2016

Еуропа лигасы. «Манчестер Юнайтед» «Мидтьюлланнан» жеңілді

334 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
19-02-2016-liga 01АСТАНА. 19 ақпан. Өткен түнде футболдан УЕФА Еуропа лигасының 1/16 финалы шеңберінде 15 ойын ойналды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Барлық матчтың ішіндегі Данияның «Мидтьюлланы» мен Англияның «Манчестер Юнайтед» командалары арасындағы кездесу көпшіліктің назарын аударды. Себебі, бұл ойында манчестерліктер фаворит болғанына қарамастан, өздерінен әлдеқайда әлсіз командадан жеңіліп қалды. Өз жанкүйерлері алдында намысты қолдан бермеген «Мидтьюллан» ойыншылары азулы қарсыластарын 2:1 есебімен жеңіп, сенсация жасады. Сондай-ақ, өз алаңында Австрияның «Рапидін» (Вена) қабылдап, жауапсыз 6 гол соққан Испанияның «Валенсиясы» да жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Айта кетейік, Еуропа лигасының бір ойыны 16 ақпан күні ойналды. Аталған кездесуде Түркияның «Фенербахче» командасы Ресейдің «Локомотивін» қабылдап, 2:0 есебімен басым түскен болатын. Қарымта кездесулер 24-25 ақпан күндері өтеді. Еуропа лигасының 1/16 финалындағы ойындардың нәтижелері:   16 ақпан «Фенербахче» (Ыстамбұл, Түркия) – «Локомотив» (Мәскеу, Ресей) 2:0 Голдар: Жосеф Соуза 18, 72.   18 ақпан «Фиорентина» (Флоренция, Италия) – «Тоттенхэм» (Лондон, Англия) 1:1 Голдар: Федерико Бернардески 59 – Насер Шадли 37 (пенальти).   «Боруссия» (Дортмунд, Германия) – «Порту» (Порту, Португалия) 2:0. Голдар: Лукаш Пищек 6, Марко Ройс 71.   «Андерлехт» (Брюссель, Бельгия) – «Олимпиакос» (Пирей, Грекия) 1:0 Гол: Кара Мбоджи 67.   «Мидтьюллан» (Хернинг, Дания) – «Манчестер Юнайтед» (Манчестер, Англия) 2:1 Голдар: Пионе Систо 44, Пол Онуачу 77 – Мемфис Депай 37.   «Севилья» (Севилья, Испания) – «Мольде» (Мольде, Норвегия) 3:0 Голдар: Фернандо Льоренте 35, 49, Кевин Гамейро 72.   «Вильярреал» (Вильярреал, Испания) – «Наполи» (Неаполь, Италия) 1:0 Гол: Денис Суарес 82.   «Сент-Этьен» (Сент-Этьен, Франция) – «Базель» (Базель, Швейцария) 3:2 Голдар: Мустафа Байял Салл 9, Кевин Монне-Паке 39, Жан-Кристоф Баэбек 77 – Вальтер Самуэль 44, Марк Янко 56 (пенальти).   «Сьон» (Сьон, Швейцария) – «Брага» (Брага, Португалия) 1:2 Голдар: Мусса Конате 53 – Никола Стоилькович 13, Рафаэл Силва 61.   «Валенсия» (Валенсия, Испания) – «Рапид» (Вена, Австрия) 6:0 Голдар: Сантьяго Лоренсо 4, 35, Даниэль Парехо 10, Альваро Негредо 29, Андре Гомеш 35, Родриго 89.   «Аугсбург» (Аугсбург) – «Ливерпуль» (Ливерпуль, Англия) 0:0   «Спарта» (Прага, Чехия) – «Краснодар» (Краснодар, Ресей) 1:0 Гол: Лукаш Юлиш 64.   «Галатасарай» (Ыстамбұл, Түркия) – «Лацио» (Рим, Италия) 1:1 Голдар: Сабри Сарыоглу 12 – Сергей Милинкович-Савич 21.   «Шахтер» (Донецк, Украина) – «Шальке-04» 0:0   «Марсель» (Марсель, Франция) – «Атлетик» (Бильбао, Испания) 0:1 Гол: Ариц Адурис 54.   «Спортинг» (Лиссабон, Португалия) – «Байер» (Леверкузен, Германия) 0:1 Гол: Карим Беллараби 26.   Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: eurosport.ru.