ҚАРАҒАНДЫ. 24 ақпан. Қарағанды облысындағы 52 859 әскери бөлімшесінің сарбазы Азамат Мәкенов «Төтенше жағдайдағы ерлiгi үшiн» төсбелгісімен марапатталды. Бұл туралы nv.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Әскери қызметкер Азамат Мәкенов былтырғы күзде қызыл жалын ораған үй ішінен үш бірдей адамды құтқарып алған болатын.
Азамат Мәкенов кешкісін жұмыстан үйіне қайтып келе жатқанында Московская көшесінде үйлердің бірінен өрт шыққанын байқап қалады. Кіші сержант ойланып жатпастан, жанып жатқан үйдің ішіне кіріп барып, екі адамды тысқа алып шығады. Сол кезде тағы бір әйелдің іште қалғанын естіп, бұл уақытта өрт құшағында тұтастай қалған үйге қайта кіреді. Осылайша ол үшінші адамды да ажалдан аман алып қалады.
Бейбіт күндегі осы ерлігі үшін Ұлттық гвардияның кіші сержанты Азамат Мәкенов Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлiгi үшiн» төсбелгісімен салтанатты түрде марапатталды.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, сурет: nv.kz.
• 24 Ақпан, 2016
Қарағандыда үш адамды ажалдан құтқарған сарбаз марапатталды

Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Бүгін, 19:58
Ерлан Қошанов 155 елден келген әріптестеріне жаңа Конституция туралы айтып берді
Парламент • Бүгін, 19:36
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Балуандарымыз Бішкектегі Азия чемпионатында жеті жүлде алды
Күрес • Бүгін, 18:58
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:42
Түйткілі көп газ мәселесі: Нысандарда қауіпсіздік ережелері неге сақталмайды?
Қоғам • Бүгін, 18:08
Цирфлық сервис: Депутат «тәуелсіз қызметкер» мәртебесін бекітуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 18:02
Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 17:30
Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Энергетика • Бүгін, 17:22
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Қылмыс • Бүгін, 17:07
Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде үздік бестікке енді
Бокс • Бүгін, 16:59
Қазақстандағы жүйелі реформалар Вашингтонда таныстырылды
Саясат • Бүгін, 16:46
Теміртаудың бірнеше шағын ауданында көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы апатсыз өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Шымкент базарларында жалған «Coca-Cola» сусындары сатылған: Компания шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 16:28