қазақ әні «Қарлығашты» шырқап, жұртты таң қалдырды
Соңғы бірнеше күннен бері Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің зайыбы Пэн Лиюаньнің қазақ әні «Қарлығашты» келістіріп шырқағаны әлеуметтік желіні дүр сілкіндіріп тұр. Рас, интернетке салынған роликте әннің аты да, оның авторы да айтылмайды. Және ол ханзу тілінде шырқалады. Бірақ музыка мамандарын былай қойғанда, қарапайым желі пайдаланушылардың өзі оның қазақтың біртуар композиторы Ахмет Жұбановтың туындысы екенін бірден жазбай таныды.
Ал бұл әннің шығу тарихы мынадай. Оның сөзін 1941 жылы драматург Ибадолла Матақов А.Жұбанов басқаратын хор капелласында ән салатын Жәмила Ахметова деген қызға ғашық болып шығарады. Осы өлеңнің жолдарын сол бойда ұнатқан жас композитор автормен келісіп, оған ән жазады. Сахнада, радиодан жиі орындалған әуен көп ұзамай ел арасына кеңінен тарап кетеді. Ол 40-50-жылдары халықтың сүйікті туындысына айналады. Тағы бір айтатын нәрсе, махаббат туралы әннің арқасында жоғарыдағы Ибади мен Жәмила қосылады.
Енді Қытайдың бірінші ханымы Пэн Лиюаньге келсек, бұл оның бұрынғы кеңес республикалары халықтары әндерін бірінші рет орындауы емес екен. Ол 2013 жылы наурыз айының соңында Ресейге ресми сапар түзген жұбайымен бірге келгенінде, А.Александров атындағы ән және би академиялық ансамбліне арнайы атбасын бұрып, аты аңызға айналған өнер ұжымының сүйемелдеуімен орыстың «Ой, цветет калина» әнін тамаша етіп шырқайды. Әлеуметтік желілерде қазір осы орындау да бар.
Негізі, мұның өзі тегін емес екен. Пэн Лиюань ханым Аспанасты елінің әйгілі әншісі. Ол 18 жасынан Қытай халық-азаттық армиясы сапына қосылып, керемет әншілік таланты арқасында әскери бөлімдерге гастрольге шығып тұрыпты. Осы қызметте кейін генерал-майор шеніне дейін жеткен.
Мұрат АЙТҚОЖА.
Сіздер Пэн Лиюань ханым орындаған «Қарлығаш» әні мен оның қазақ тіліндегі нұсқасы видеосын газеттің сайтынан тыңдай аласыздар.
Ал 2002 жылы бұл әнді Қазақстанның «Дауыс International» тобы былай орындаған болатын

Түркияда оқушы мектепте атыс шығарды: 16 адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 18:40
Блогерлерге 600 млн теңге салық төлеу міндеттелді
Салық • Бүгін, 18:22
STEM зертханасы: Жаркенттік оқушылар 3D технологиясы мен ІТ-бағдарламалауды меңгерді
Келешек мектептері • Бүгін, 18:02
Жеміс-көкөністі өңдеудің жаңа технологиясы әзірленді
Экономика • Бүгін, 18:00
Қарағандылық полицейлер зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктіні әшкереледі
Аймақтар • Бүгін, 17:51
Қызылордада полицей өртеніп жатқан үйден 2 баланы алып шықты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 17:42
Ұлбосын Есенбекова: «Ақылды» машиналар жылдам дамыған сайын адамдарға жақындай түседі
Технология • Бүгін, 17:35
Алматыда Ұлттық метаболикалық код мәселелері талқыланды
Медицина • Бүгін, 17:17
Киелі аспапты жанына серік еткен «Қобыз әже»
Өнер • Бүгін, 17:14
Ғылымға серпін: ЕҰУ Жапониямен байланысын нығайтты
Ғылым • Бүгін, 16:57
Ұлытау облысында Telegram арқылы есірткі сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 16:48
Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
Хоккей • Бүгін, 16:42
Президент «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:35