«Хабар» агенттігі сериалдар өндірісіндегі отандық нарықтың дамуына өз үлесін қосуды жалғастыруда. Аталмыш арна әзірлеп жатқан көктемгі тұсаукесердің бірі жаңа «Зәуре» сериалы. Бұл біз білетін баяғы Күлбике туралы ертегі телехикаяның желісімен ұштасады. Жаңа телесериалда өгей шешенің қыспағына әбден шыдап келген қыз түптің түбінде тамаша адамға жолығып, бақытты болады ғой. Оған дейінгі осы заманның ертегісі көрермендер үшін тартымды болуы тиіс. Қысқасы, телехикая нұсқасында ауылда туып-өскен Зәуре есімді жас қыз туралы баяндалады.
Оқиға желісіне Зәуренің өзіне сенімсіз қыздан жетістікке жеткен, танымал дизайнерге айналу жолындағы шым-шытырық күрделі өмірі арқау болмақ.
Жұрт жақсы білетін «Золушка» ертегісінің қазақстандық нұсқасының кейіпкерін «Один из нас», «Он и она» сияқты жобаларға қатысқан белгілі Динара Бақтыбаева ойнайды. «Он и она» фильміндегі рөлі арқасында Динара жұртшылыққа кеңінен танылған. Оның айтуынша: «Бұл барлық қиыншылықтардан ханзада құтқаратын Күлбикенің оқиғасы емес. Біздің оқиғада менің кейіпкерім бәріне өз күшімен, жігерімен, талантымен қол жеткізеді».
Сценарий авторы «Сүрбойдақ», «Тракторшының махаббаты» сияқты жобаларды өмірге әкелген Асқар Ұзабаев. Ал режиссері «Махаббатым жүрегімде-2» сериалын түсірген Ернар Нұрғалиев. Сондай-ақ, телехикаяда Нұрлан Төреханов, Венера Нигматулина, Айнұр Ниязова, Жандос Айбасов, Артур Төлепов, Камалия Байтөлеуова ойнайды.
Шығармашылық топ сюжетті жарасымды әзілмен байытуға және актерлердің ойынын шытырман оқиғалар әрі сериядан серияға өткен сайын қызықты болатындай етіп жасауға сөз берген екен. Сценарий барлық жастағы көрермендердің қызығушылықтарын ескере отырып жазылған көрінеді.
Мелодрамалық туынды түсіру идеясы «Хабар» агенттігіне тиесілі. Жобаны іске асыруға «567 Creative Laboratory»продакшн компаниясының тобы кіріссе, түсірілімдер Алматы және Талғар қалаларында жүргізілді.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық тағы да сатылмады
Қоғам • Бүгін, 12:14
«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды: Құжаттар қашанға дейін қабылданады?
Мәдениет • Бүгін, 12:06
«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді
Оқиға • Бүгін, 11:55
Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді
Әлем • Бүгін, 11:45
Отандық тауарлар БАӘ нарығында кедендік жеңілдіктерге ие болмақ
Экономика • Бүгін, 11:39
Қазақстан халықаралық банктерден 470 миллиард теңгеден астам қарыз алады
Парламент • Бүгін, 11:28
АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 10:54
Алматылық азамат алимент төлемдерін азайту мақсатында көлігін туысының атына рәсімдеген
Алматы • Бүгін, 10:48
Конгода Эбола індеті өршіп барады: науқастар саны 808-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:35
Трамп Иранмен жасалған келісімнің негізгі шарттарын жариялады
Әлем • Бүгін, 10:16
Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін кімдер алаңға шығады?
Футбол • Бүгін, 10:11
Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды
Оқиға • Бүгін, 09:54