АТЫРАУ. 26 ақпан. Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы 10 ауылға газ құбырын жүргізу үшін 9,7 млрд. теңге жұмсалады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің мәлімдемесіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Атырау облысындағы елді мекендердің 79,5 пайызы, халықтың 98 пайызы табиғи газ жүйесіне қосылып отыр. Алайда, ең шалғайдағы әрі Ресей Федерациясымен шекарадағы Құрманғазы ауданында әлі де табиғи газ желісі тартылмаған бірнеше ауыл бар. Аудан орталығынан 300 шақырымнан астам қашықтағы бұл ауылдар «Азғыр» әскери полигоны маңында орналасқан.
«Халықты газбен қамтудағы ең үлкен жоба, тәуекелге бел байлап кіріскен жұмысымыз – Азғыр өңіріне газ құбырын жүргізу қолға алынды. Өңірдің 10 ауылында 8 мыңға жуық тұрғын өмір сүреді. Бұл жұмыс Елбасының шекара маңындағы ауылдарды дамыту жөнінде берген тапсырмасына сәйкес жасалып жатыр. Газ құбырының ұзындығы 365 шақырым, жоба құны – 9,7 млрд. теңге. Құрылысы NCOC компаниясының демеушілігімен биыл басталады», – деп мәлім етті Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Рахым Қойлыбаев.
• 26 Ақпан, 2016
Атыраудың 10 ауылына 9,7 млрд. теңгенің газ құбыры салынады

Қоғам • Бүгін, 21:50
Астанада «Болашақ ойындары 2026» турниріне волонтёрларды іріктеу басталды
Елорда • Бүгін, 20:55
Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
Қоғам • Бүгін, 19:48
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Бүгін, 18:33
Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55