Заман ағымына сай жаңаша әрекет етіп, жақсылыққа ұмтылу уақыт талабы. Бұл ретте Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында сан саланы қамти атқарылып жатқан жұмысты үлгі тұтуға болады. Себебі, сол игіліктің пайдасын халық көріп отыр. Айталық, Есік қаласындағы «Аяла» санаториялық үлгідегі балабақшасы бүлдіршіндердің бір үйіне айнала білді. Мұндайда қазақ «Қуанса бала қуансын» деп бекер айтпаған. Негізі бұл балабақша орналасқан ғимарат 1964 жылы салынып «Балалар үйі» болып ашылған. 2015 жылдың 1 қаңтарында «Балалар үйі» жабылып, 13 сәуірден бастап жергілікті бюджеттен 146 000 000 теңге қаражат бөлініп, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің №407 қаулысымен «Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» «Есік қаласындағы «Аяла» санаториялық үлгідегі балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды. Жалпы аумағы 210 шаршы метр. Былтырғы жылы 13 000 000 теңге бөлінсе, ал 2016 жылы 62 148 000 теңге қаражат бөлінді. 75 балаға арналған балабақшада құрал-жабдықтармен жабдықталған 25 кабинет бар. Қазіргі таңда 2 топ жұмыс істеуде. Онда 18 тәрбиеші, 9 бала күтуші, 21 басқа қызметкер еңбек етеді.
«Елбасы тапсырмасына сәйкес, мемлекет-жекеменшік әріптестігін дамытуда ауыз толтыра айтатын жетістікке жеттік. Бірінші кезекте ауданымыздағы балабақша проблемасымен облыс әкімін дер кезінде хабардар етумен шектелмей, оны шешу жолдарын да дұрыс жеткізе білдік. Бұл мәселеге өңір басшысы ерекше назар аударып, сөзбұйдаға салмай, түрлі кедергілерді дереу жою жөнінде тапсырма берді. Сол күннен заң шеңберінде әрекет етіп 11 жекеменшік балабақша ашуға ықпал еттік. Яғни, балабақша салу үшін жер телімін бөлу, бұрын салынған үйдің мақсатын өзгертіп балабақшаға ауыстыру секілді түрлі құжаттарын реттестіруде және тағы басқа қажеттіліктерін шешуге жол аштық. Ауылдық округтер әкімдері мен аудандық мекемелер басшыларының барлығына егер балабақша салу, ашу мәселесі бойынша кімде-кім алдарыңа келсе тікелей телефонымды беріп, байланыстырыңдар деп тапсырма беріп, сол жұмысты басынан аяғына дейін бақылап та отырдым. Нәтижесінде балабақшамен қамту 56 пайыздан 77,3 пайызға жетіп, 21 пайызға өстік. Біздің ауданда 3-6 жас аралығында 14 мыңнан астам бала, 43 мың мектеп оқушысы бар. Бұл кішігірім бір ауданның халқымен тең ғой. Осы тұста айта кетер тағы бір мәлімет, соңғы төрт жылда жергілікті бюджетке түсетін салық мөлшері 2,3 млрд. теңгеден 3 млрд. 797 млн. теңгеге өсіп, ойға алған жұмысымызды еш тоқтаусыз атқаруымызға қолдау болып отыр», деді Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Бинәлі Ысқақ.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы,
Еңбекшіқазақ ауданы.

Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жаңа Конституция: Ақмола облысының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56