27 Ақпан, 2016

Алматыда заңсыз салынған ресторан сүріліп тасталады

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27-02-16-almaty

АСТАНА. 27 ақпан. Алматы қаласында заңсыз салынған ресторан бұзылып, орнынан сүріліп тасталады. Бұл туралы қ.ала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасалған Zakon.kz ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Атап өтілгендей, әңгіме Бостандық ауданында орналасқан ресторан туралы болып отыр. Ол мемлекет басшысының тапсырмасына сай жасалып жатқан көрінеді. Әкімдіктегілер айтылып отырған ресторанның «Алатау» шағын ауданында, Бірінші президент паркінен жоғарғы жақтағы Навои көшесінің бойында, плотинаға жетпей орналасқанын жеткізді. Еске сала кетейік, жақында Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға жасаған соңғы сапары барысында әл-Фараби көшесінің жоғарғы жағына салынып кеткен тұрғын үй құрылыстарын сынға алған болатын. Мемлекет басшысы қала әкімі Бауыржан Байбекке орнымен салынбаған үйлерді бульдозермен сүріп тастау жөнінде тапсырма берді. Руслан Игілік. Дерек: Zakon.kz.