02 Наурыз, 2016

Қарбаласқа толы 10 күн

265 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
01-03-16-AUIL-BRIFING01Кеше Астанада «Ауыл» халықтық-де­мо­­кра­­тиялық патриоттық партиясы республи­калық қоғамдық штабының жетекшісі Рүстем Жоламан сайлау науқанындағы үгіт-насихат жұмыстарының бі­рін­ші кезеңін, яғни алғашқы 10 күнінде атқарылған шараларды қорытын­дылауға арналған брифинг өткізді. Басқосуда Рүстем Жоламан үгіт-на­­си­­­хат жұмыстары басталғалы бері «Ауыл» партиясы тарапынан ұйым­дас­­ты­рылған шаралар жөнінде толық әңгі­мелеп берді. Оның айтуынша, партия үгіт-насихат жұмыстары кезінде ешқан­дай заң бұзушылыққа жол бермеген, барлығы да алдын ала түзілген жос­пар негізінде атқарылып жатқан көрінеді. «Біздің партиямыз үгіт-наси­хат науқанына қатысты жұмысын Абай­дың туған өлкесі – Семейден баста­ды. Мұ­ның өзінде үлкен мән бар. Өйт­кені, «Ауыл» партия­сы ұлттық құнды­лық­тарды дәріптеуді өзінің басты мін­деті санайды. Қазіргі таңда партия мүше­лері мен Парламент Мәжілісінің депутат­тығынан үміткерлер жүйелі түрде ай­мақтарда және шалғай ауылдарда еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуде», – деді Р.Жоламан. Сондай-ақ, ол үгіт-насихат жұмыс­тары жүргізілген алғашқы 10 күнде ат­қарылған шараларға жеке-жеке тоқтала келіп, жұртшылықпен өткізілген кезде­сулерде партия өкілдерінің қандай мәселелерге баса назар аударғанын сөз етті. «Біздің партиямыздың мүшелері түр­лі бизнес иелерімен кездесіп, ірі шаруа қожалықтарын аралап қана қой­май, шағын кәсіпкерлердің де мұң-мұқ­тажын тыңдап, олардың қажеттілік­терін өтеуге тырысуды көздейді. Біз шаруа қожалықтары мен кәсіпорын­дар ұжымдарын үлкен не кіші деп бөле-жармаймыз. Барлығына тең жағ­дай­да қарап келеміз. Олардың мақсат­тары – өз бизнестерін дамыта оты­рып, ауылшаруашылық саласын кө­теру, сонымен қатар, кәсібін көркей­тіп, көбірек жұмыс орындарын ашу. Бұл қадамдар партиямыздың сайлау­алды бағдарламасымен үндестік табады. Сон­дықтан, біздің ұйым ауыл шаруа­шы­лығы саласы еңбеккерлерінің әрбір ұсы­ныс-пікірлеріне, тілектеріне ыждағат­тылықпен қарайды», – деді Р.Жоламан. Жиын барысында Р.Жоламан рес­пуб­ликалық және аймақтық штаб өкіл­дері шетелдік байқаушылармен кездесу өткізгенін, жақында Еуропадағы қауіп­сіз­дік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) Парламент Мәжілісі сайлауын байқау жөніндегі миссиясының же­текшісі Борис Фрлецтің партияның Ор­талық кеңсесіне келгенін, тараптар өзара сайлау науқаны тақырыбында байыпты әңгіме өрбіткенін, сондай-ақ, алдағы уақытта шетелдік елшілермен жүздесу жоспарланып отырғанын жеткізді. Брифингте спикер «Ауыл» пар­тия­сының республикалық қоғамдық штабы барлық қажетті кадрлық, материалдық және қаржылық ресурстарға ие екеніне де екпін берді. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан». Астана.