02 Наурыз, 2016

Алдын ала көрсетілімге барды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақан СатаевтыңМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күніне орайластырылған «Анаға апарар жол» тарихи драмасының алдын ала көрсетіліміне барды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Режиссер А.Сатаевтың кар­ти­насының сюжеттік желісіне фильм кейіпкерінің басына түскен сы­нақ­тардан өтуіне көмектесетін ана махаббатының күші туралы оқиға өзек болған. Фильм 1930 жылдан бастап бү­гінгі күнге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Негізгі оқиғалар қазақ халқы үшін қиын кезеңде – ұжым­дастыру, жұт, соғыс жылдары және одан кейінгі кезеңде өрбиді. Тарихи драма Қазақстанда, Бе­­ларусьте және Әзербайжанда тү­­сі­рілген. Жалпы, картина түсірі­лі­міне 2 мыңнан астам адам қатыс­қан.