04 Наурыз, 2016

Велосипед мінген полицейлер

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2350_okoОлар парк ішіндегі жұмысты осылай атқарады Шымкенттік полицейлер сая­бақ ішінде велосипедпен жүр. Таңғаларлықтай оқиға бол­­ма­­ғанымен, қалалық полиция бөлімінің басшылары бұл қа­дамға еріккеннен бармаған. Бір миллионға жетеғабыл адамы бар қалада оннан астам саябақ бар. Ха­лық көп жүрген жерде ұсақ ұры-қары дегеніңіз жыртылып-айырылады. Қалтаға түседі, шашау жатқан дү­ние болса, үптеп кетеді. Оларды жаяу қуып жету қиын, жықпыл-жықпылға сіңіп кетеді. Сондықтан, осындай экс­­периментке баруға тура келген. – Бұрын парктерде ор­налас­қан камералардан көрген құқық бұзушылықтар анықталғанымен, ол жерге дер кезінде жету қиын болып тұр еді. Ал қазір осы бей­некамераларды көр­ген­нен кейін велосипедтермен тез жетуге болады, – дейді қалалық жергілікті полиция полкі командирінің орынбасары Ерлан Ермеков. Әзірге құны 100 мың тең­гедей тұра­тын он вело­сипед алынды. Оған офицерлер емес, сержант ше­нін­дегі тәртіп сақшылары мініп жүр. Жалпы, бұл сынақтың үдеден қаншалықты шыға­тындығы белгісіз. Осыдан алты-жеті жыл бұ­рын сая­бақ ішінде тәртіпті бақы­лайды деп шетелден ми­лион­­даған қаржыға тұрқы биік аттар сатып алынып, полицейлерді отыр­ғызған еді. Парк ішінде қо­қы­раңдап желіп жүрген сол аттар жоқ, соғымға сойылып кетті ме қазір көрінбейді. Ал «шайтанарбаны» жей ал­майсың. Шөп те, су да тілемейді. Шетел по­лицейлері атпен де, вело­сипедпен де патрульде жү­реді. Біздің полицейлер ат­тың шаруасын бітіріп, соң­ғысының ершігіне отырды. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.