04 Наурыз, 2016

Қазақстандық әскери өнімдер көрмеде ұсынылмақ

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-03-04Қазақстандық кәсіпорындар «KADEХ-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери техника көрмесіне ұсынуды жоспарлап отырған әскери мақсаттағы өнімді, яғни тікұшақтарды, ұшу тренажерларын, электронды-оптикалық аспаптарды көрсетті. Көрмеге қатысушылардың бірі ЕС-145 тікұшақтарын құрастыру мен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын «Еу­рокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС кәсіпорны. «KADEХ» көрмесінде зауыт ұсынуды жос­парлап отырған көзтартарлық үлгі ЕС-145 ұшу тренажеры болмақ. «Аталмыш жабдық пилотаждау және навигациямен байланысты барлық негізгі тапсырмалар бойынша ұшу құрамын оқыту және қайта даярлау­ды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – дейді бастапқы оқыту нұсқау­шысы Андрей Феофанов. «KADEХ-2016» көрмесіне қа­ты­сушылар мен қонақтар өнімге баға бе­ретін келесі отандық кәсіпорын ол – «Қазақстан ASELSAN инжини­ринг». Зауыт түнгі және күндізгі көрудің элек­тронды-оптикалық аспаптарын, қа­шық­тықтан басқарылатын жауынгерлік мо­дуль мен инфрақызыл оптиканы шыға­румен айналысады. «Кәсіпорнымыз дәстүрлі түрде көр­­меге қатысады. Осы жылы біз қа­зір­­гі сәтте шығарып жүрген өнімді, сондай-ақ, авио­никаны, броньды техниканы жаңғырту сияқты перспективалық жобаларды көр­сетеміз. Жауынгерлік модульдердің жаңа түрлерін ұсынуды жоспарлап отырмыз», деп атап өтті «Қазақстан ASELSAN инжиниринг» ЖШС бас директорының орынбасары Абиыр Алшымбаев. Дәстүрлі түрде «KADEX-2016» ха­лық­­аралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі әскери техниканы шығарумен айналысатын әлемнің әр елінен жиналған кәсіп­орындардың басын қосады. Қазақстандық зауыттар үшін бұл өз өнімін көрсету және оны әлемдік деңгейге шығарудың мүмкіндігі. Сонымен бірге, ол еліміздің қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту үшін де жаңа мүмкіндік. «Егемен-ақпарат».