10 Наурыз, 2016

«Айшаның» айран-сүті-ай!

1063 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Фото 1Елбасының қолдауымен елі­мізде үдемелі индустриялық-ин­но­вациялық даму бағдарламасы қолға алынды. Аталған бағдарлама бойынша біздің облыста маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Оған кіретін бастамалардың бірі – жер­гілікті тұрғындарды табиғи сүт өнім­дерімен қамтамасыз ету.   Бұл өз кезегінде жаңа өндіріс пен жұ­мыс орындарының ашыл­уына септігін тигізбек. Сүт және қышқыл сүт өнімдеріне жататындар сүт, қы­мыз, шұбат, құрт, айран және қай­мақ десек, осылардың барлығы қаламыздағы «Айша» сүт өңдеу цехында шығарылады. Бүгінде кәсіпорын ешқандай қос­пасыз 10 түрлі сүт өнімдерін шы­ғарады. Жергілікті өнімдер­ге деген сұраныс өте жоғары. Сүт өңдеу цехы қала­мыздағы ірі кәсіпорындардың бірі. 2011 жы­лы құрылған өндіріс орны заманауи құрылғылар­мен жаб­­дықталған. Мұнда тәулі­гі­не 3 тонна сүт өңдеуден өтеді. Ши­­­­­кі­­­зат серіктестікке қарасты шаруашылықтан алынады. Мем­ле­кеттің қолдауын тиімді пай­далана білген кәсіпкер, бола­шақ­та өнім­дерінің көлемін ұлғай­туды көздеп отыр. – Бұл сүт өңдеу цехының өзге сүт зауыттарынан ерекшелігі – еш­қандай қоспасыз, жүз пайыз табиғи сүт өндіреді, сүтті өзім­­­­­нің «Қалиқанұлы» шаруа қо­жа­лығынан алғызамын, ол Бесқарағай ауданында орналасқан. Ал енді жақында облыс басшысы Даниал Ахметовтің қолдауымен Мәскеуден 3000 литрлік тоңазыт­қыш сатып алдым. Онымен Көкпекті ауданына барып, сүт жинаймыз, – деді «Айша» сүт өң­деу цехының басшысы, Бесқара­ғай ауданындағы «Қалиқанұлы» ша­руа қожалығының басшысы Марат Қалықов. – Алғашқы өнімді қаладағы дүкендерге жібереміз. Қазір сүттің қаншаға сатылатыны есептелу үстінде. Десек те, өнімнің бағасы қолжетімді, мәселен, сүттің литрі 140 теңгеден, айран 180 теңге, тағысын-тағы, табиғи сүт өнімдерінің барлығы арзан. Бүгінде Семейдегі «Айша» сүт өңдеу цехының басшысы, Бес­қарағай ауданындағы «Қа­лиқанұлы» шаруа қожа­лы­ғының басшысы Марат Қалықов табанды еңбегінің арқасында осындай жетістіктерге жетіп отыр. – Шаруа қожалығымды ұйым­дастырып бастаған кезімде, ал­ға қойған мақсатым ел эконо­ми­­­­ка­сына үлес қосу болды, – дей­ді Марат Қалықов, – осыдан бірнеше жыл бұрын жергілікті сүт бағытындағы жүз сиырды сатып алып, іске кірістім. Ал келер жылы қаладан сүт өңдейтін шағын цехты аштым. Сүт өндірудің пайдалы шаруа екендігін аңғарған соң уақытты созбай Ресейден сүт бағытындағы екі жүзден астам асыл тұқымды сиырды сатып алдым. Жергілікті сиыр күніне он литр сүт берсе, ал кейінгі асыл тұ­қымды сиырдың әрқайсысынан 12-14 литрден сүт алуға болады. Осы орайда мал шаруа­шылығын дамытуға қолдау білдіріп отырған республика Үкіметі мен салалық министрлікке, облыстық және аудандық әкімдікке де алғысымыз шексіз, өткен жылы мемлекет тарапынан субсидия алдық. Ол да үл­кен көмек. Әрдайым шаруамен айналысамын дегендерге ешқандай кедергі жоқ. Қайта жергілікті билік тарапынан қолдау көп. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА. СЕМЕЙ.