Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығында Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері журналистерге сайлауға дайындық барысы туралы брифинг өткізді.
Астана қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Игілік Жалбыровтың айтуынша, Астана қаласы бойынша мәслихат депутаттығына барлығы 121 кандидат тіркелген. Олардың 33-ін саяси партиялар, 6-ын қоғамдық бірлестіктер ұсынған, ал 82 кандидат өзін өзі ұсынған. «Қалалық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың және мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт жұмысын жүргізуге құқығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануда, – деді И.Жалбыров. – Қалалық сайлау комиссиясымен келісім бойынша қала әкімінің шешімімен саяси партиялардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін 31 орын және мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдары үшін 54 орын айқындалып жабдықталды. Сондай-ақ, саяси партиялар мен кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін шарттық негізде ұсынылатын 13 үй-жайдың тізімі бекітілді».
Аумақтық сайлау комиссиясының басшысы атап өткендей, сайлау комиссиялары үгіт материалдарының заңнамаға сәйкес орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады. Сайлау алдындағы үгітті жүргізуде сенім білдірілген адамдар ерекше рөлге ие. Саяси партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар сенім білдірілген адамдарды өз қалауы бойынша тиісті округте бір сайлау учаскесіне 3 адамнан асырмай анықтайды. Ал Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы В.Пытьева: «Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы бес саяси партияның – «Нұр Отан» партиясының, ҚКХП-ның, «Ақ жол» ҚДП-ның, «Бірлік» СП-ның және «Ауыл» ХДПП-ның, барлығы 731 сенім білдірілген адамын, ал округтік сайлау комиссиялары мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың 836 сенім білдірілген өкілін тіркеді», – деді.
Брифингте сайлау алдындағы үгіт үшін қаржыландырудың екі түрі қарастырылғаны да атап өтілді. «Республикалық бюджеттен Астана қаласы мәслихатының депутаттығына әр кандидатқа теледидарда және радиода сайлауалды бағдарламасымен шығуға, баспа басылымдарында 2 мақала жариялауға, сондай-ақ, үгіттік баспа материалдарын басып шығаруға, сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайларды жалға алуға, көліктік шығыстарға тең мөлшерде 245 мың теңге көлемінде қаражат бөлінеді, – деді осы жөнінде И.Жалбыров. – Сонымен қатар, саяси партиялар мен мәслихат депутаттығына кандидаттардың арнайы сайлау қорларын құруға құқығы бар. Сайлау қорлары қаражатының шегі сайлау туралы заңмен анықталған».
Аумақтық сайлау комиссиясы өкілдерінің хабардар етуінше, мәслихат депутаттығына кандидат сайлау қорының қаражатына жеке өзі иелік етеді. Бұл ретте округтік сайлау комиссиялары банктермен бірлесіп сайлау қорлары қаражатының жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады және екі аптада бір рет сайлау қорларына қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы хабарды БАҚ-та жариялайды.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».

Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03