Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында А.Жұмағалиев Мемлекет басшысына бұрын берілген тапсырмалардың орындалуы, компанияны трансформациялау бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
Қазақстан Президенті біздің республика әлемдегі толық өндірістік цикл құруға ұмтылып отырған ірі уран өндіруші ел екенін айтты.
– Компания елдің маңызды активі саналады. «Қазатомөнеркәсіптің» әртүрлі бірлескен кәсіпорындарда қатысу үлесі бар, олардың біразы бойынша серіктестер мойындарына алған міндеттемелерін орындамайды. Осыған байланысты олардың өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету керек, немесе активтерді мемлекет мүддесі үшін қайтару мүмкіндігін қарастыру қажет, – деді Мемлекет басшысы.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы әлеуметтік нысандардың жергілікті атқарушы органдар қарауына берілгені, кәсіби бағдарға жатпайтын 11 кәсіпорынның бәсекелестік ортаға шығарылғаны және өткен жылдың қорытындысы бойынша уран өндіруші кәсіпорындар кеңселері өндіріс орналасқан өңірлерге көшірілгені туралы баяндады.
А.Жұмағалиев трансформация бағдарламасы аясында қабылданған кешенді шаралар нәтижесі бойынша «Қазатомөнеркәсіп» өндірістік өзіндік құнды 16 миллиард теңгеге төмендеткенін, ал компанияның экономикалық қосылған құнын 17 миллиард теңгеге жуық өсіргенін айтты.
Ұлттық компания басшысы Елбасына өндірісті әртараптандыру үшін қабылданған, атап айтқанда, АЭС отынын өндіру зауытының құрылысына дайындық шаралары туралы баяндады.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Суреттерді түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Алматылық оқушы әлемдегі үздік үш өнертапқыштың бірі атанды
Әлем • Бүгін, 11:57
Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:50
Жапония алғаш рет шетелге қару экспорттауға рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 11:41
Автомектептерде олқылықтар анықталды: 700-ден астам оқу тобы жабылды
Оқиға • Бүгін, 11:35
17 жыл мал баққан шопан күдікке ілінді: Жетісу облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы ашылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:24
Пышақ ала жүгірген: Астанада 7 жастағы баланың әрекеті жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 11:15
Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07