Өңір экономикасының дамуында жыл өткен сайын шағын және орта бизнестің үлес салмағы артуда. Бұған кәсіпкерлікті қолдаудың да серпін беріп отырғаны ақиқат. Облыста «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 236 кәсіпкерге 3,8 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Аталмыш мемлекеттік бағдарлама аясында бизнесті қолдау тетіктерін пайдаланған ауыл кәсіпкерлері саны екі есеге артты. 2015 жылы 104 адам мемлекеттік қолдауға ие болды. Облыс бойынша мемлекеттік бағдарламаны пайдаланғандар арасында Хромтау, Мұғалжар және Алға аудандары кәсіпкерлерінің үлесі басымдау болып отыр.
– 2015 жылы бағдарламаға жаңа талаптардың енгізілуі өтініштерді қарау уақытын қысқартты, бұл өз кезегінде көрсеткіштердің жақсаруына себеп болды. Өткен жылдың наурыз айында сомасы 180 миллион теңгеден аспайтын несиелерді кепілдендіру туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде мұндай несиелер аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауынсыз беріле бастады. Мемлекеттік қолдауға ие болған нысандар саны 2014 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артты, – дейді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Бағжан Тілегенов.
Оның айтуынша, кәсіпкерлерді қаржылай қолдау жұмыстары 2016 жылы да жалғасатын болады. Оған республикалық бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат 250 шағын және орта бизнес нысандарын қолдауға жұмсалады. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қолдауға 1 миллиард теңгеден астам инвестициялық қаражат қарастырылған. «Бәйтерек» ҰБХ», «ҚазАгро» ҰБХ», «ХГ АЛМЭКС» акционерлік қоғамдарымен келісілген өзара ынтамақтастық жөніндегі меморандумдарға сәйкес облысқа қосымша 1,2 миллиард теңге тартылады деп күтілуде. Бұл қаражат 10 және 15 миллион теңге шамасында ауылдық кәсіпкерлерге және өз ісін жаңадан ашқандарға шағын несие ретінде 8,3 пайызбен беріледі.
Жалпы алғанда, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жүзеге асырыла басталғалы мыңнан астам ақтөбелік кәсіпкер қаржылай қолдауға ие болды. Облыс аталған бағдарламаны орындауда Алматы, Павлодар қалаларымен бірге алғашқы көшбасшы үштіктің қатарына еніп отыр.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Алматылық оқушы әлемдегі үздік үш өнертапқыштың бірі атанды
Әлем • Бүгін, 11:57
Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:50
Жапония алғаш рет шетелге қару экспорттауға рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 11:41
Автомектептерде олқылықтар анықталды: 700-ден астам оқу тобы жабылды
Оқиға • Бүгін, 11:35
17 жыл мал баққан шопан күдікке ілінді: Жетісу облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы ашылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:24
Пышақ ала жүгірген: Астанада 7 жастағы баланың әрекеті жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 11:15
Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07