АСТАНА. 16 наурыз. Өткен түнде УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан тағы екі команда анықталды. Олар Испанияның «Атлетико» (Мадрид) және Англияның «Манчестер Сити» командалары. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Атлетико» (Мадрид, Испания) – ПСВ (Эйндховен, Нидерланды) 0:0 (0:0)
Ойын соңындағы пенальти: 8:7.
Турнирдің топтық кезеңінде «Астанамен» бір сапта сынға түскен «Атлетико» екі ойында да ПСВ-ның осал тұсын таба алмады. 24 ақпанда Эйндховенде өткен кездесуде де есеп ашылмаған болатын. Сол ойыннан кейін кейбір сарапшы мамандар испандардың өз алаңында қиындықсыз жеңіске жететінін айтып, болжам жасаған. Алайда, голландтар өздерінің оңай шағылар жаңғақ еместіктерін дәлелдеп, соңғы секундтарға дейін қарсыласып бақты. Тек ойын соңындағы пенальтиде ғана сәттілік жетіспей, олар алаң иелеріне жол берді.
«Манчестер Сити» (Манчестер, Англия) – «Динамо» (Киев, Украина) 0:0 (3:1)
Бұл ойында да есеп ашылған жоқ. Дегенмен, Киевте өткен бірінші кездесуде қажет нәтижеге қол жеткізген ағылшындар жалпы есепте басым түсіп, жарысты жалғастыру мүмкіндігін иемденді. Осылайша, «Манчестер Сити» тарихында бірінші рет Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты.
Ескере кететін жайт, «Динамо» ойыншылары сырт алаңда ойнағандарына қарамастан, кейбір статистикалық көрсеткіштер бойынша қарсыластарынан басым түсті. Мысалы, допқа иелік ету көрсеткіші жөнінен украиндер алда болды (54% – 46%). Сондай-ақ, қақпаға жасалған тура соққылар саны бойынша да «Динамоның» пайдасына 6 – 5 нәтижесі тіркелді.
Айта кетейік, бүгін түнде Чемпиондар лигасының 1/8 финалы шеңберінде соңғы екі ойын ойналады. Атап айтқанда, Испанияның «Барселонасы» өз алаңында Англияның «Арсеналын» қабылдаса, Италияның «Ювентусы» сырт алаңда Германияның «Бавариясымен» кездеседі.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: eurosport.ru.
• 16 Наурыз, 2016
«Атлетико» мен «Манчестер Сити» ширек финалға шықты (видео)

Алматылық оқушы әлемдегі үздік үш өнертапқыштың бірі атанды
Әлем • Бүгін, 11:57
Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:50
Жапония алғаш рет шетелге қару экспорттауға рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 11:41
Автомектептерде олқылықтар анықталды: 700-ден астам оқу тобы жабылды
Оқиға • Бүгін, 11:35
17 жыл мал баққан шопан күдікке ілінді: Жетісу облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы ашылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:24
Пышақ ала жүгірген: Астанада 7 жастағы баланың әрекеті жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 11:15
Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07