17 Наурыз, 2016

Атақты Apple компаниясы батырмасы жоқ айфон шығармақшы

786 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17-03-2016 iphone 1АСТАНА. 17 наурыз. Атақты Apple компаниясы айфонның жаңа үлгісін батырмасыз етіп шығармақшы. Бұл туралы appleinsider.ru порталына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Әлеуметтік желілердің бірінде iPhone 7 смартфонының суреті жарияланды. Құрылғының артқы жағында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Осыған дейін хабарланғандай өзгешелігі қос фото түсіру модулі орналасқан. Ал ұялы телефонның беткі жағындағы батырмасы қорғаныс әйнегінің астында қалды. Ол жерде Touch ID сенсоры да бар. Сондай-ақ, айфонның жетінші үлгісінде құлаққап жалғайтын орны болмауы мүмкін. Алдын ала болжам бойынша, оның орнына Apple Lightning жалғағышы қолданылады. Айта кетейік, 21 наурызда Apple компаниясы жаңа өнімдерін таныстырады. Алайда, iPhone 7 смартфонының болатыны туралы нақты ақпарат жоқ. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: appleinsider.ru. 17-03-2016 iphone 2