18 Наурыз, 2016

Дәндегі микотоксиндерді анықтау жолы

1190 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
афла­токсин.Микотоксиндер – микроскопиялық саңырау­құлақтардың тіршілік әрекетінің улы өнімдері болып табылады. Негізінен дәннің өздігінен қызуына, көгеруіне және зақымдануына ұшыраған астықтарда кездеседі. Микотоксиннің адам ағзасына әсер етуі қайтымсыз процесс. Ол өткір және созылмалы ауруларда көрініс табады, жалпы айтқанда, микотоксикоз тудырады. Қазіргі таңда микотоксиндердің 300-ден астам түрі белгілі. Соның ішінде ең қауіптісі – афла­токсин. Оның ішінде В1 афлатоксині биологиялық тұр­ғыдағы барлық танымал канце­рогендердің ішіндегі күштісі және астық, тағамдық өнімдер мен жемдердің басты ластаушысы болып табылады. В1 афлатоксині жануар ағзасында М1 афлатоксиніне ауысып, диеталық және балалар тағамдарының негізі болып табылатын сүт құрамын ластайды. Микотоксиндер көптеген елдер мен құрлықтарда таралған. Олар тағамдық өнімдерді өндіру, сақтау және қайта өңдеу кезеңдерінде, сондай-ақ, тұрмыстық жағдайда зақымдауы мүмкін. Адам ағзасы үшін үлкен қауіп төндіреді, эко­номикаға айтарлықтай нұқсан келтіре отырып, әлеуметтік мәсе­лелерге дейін өрби түседі. Көптеген елдерде, соның ішінде ТМД мен Қазақстанда астық, тағам өнімдері мен жемдерде кездесетін микотоксиндердің шектік ұйға­рымы көлемі белгіленген. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, Қа­зақ­станның оңтүстік аумағы микотоксиндік қатынас бойынша қауіпті аймақ. Ал дақылдар ішін­де жүгері қауіп-қатерге көп көлемде ұшырайды. Мұндағы күрделiлiк сол, бұл бағыттағы талдаудың біршама ұзақ созылатынына байланысты микотоксиндердің кездесу көлемін тиімді түрде бақылау іс жүзінде мүмкін емес. Мәселені шешу үшін қараңғы бөлмеде ультракүлгін сәуле астында тұрақты жұмыс істейтін астықтың сары-жасыл сәулелену жанама көрсеткіші бо­йынша афлатоксиндерді анық­тайтын жеделдету әдісі жа­са­лынған. Бұл өте қарапайым, қым­бат құрылғыны қажет етпейді. Сол себептен де, ол өндірістік жағ­дайларда жедел тексерілген жә­не афлатоксинмен ластанған астық топтамасын анықтау үшін ұсынылған. Сонымен бірге, аталмыш әдіс субъективті де болып табылады, яғни ол қараңғы бөлмені қажет етеді, ал ультракүлгін сәуле астында ұзақ жұмыс жасау көздің нашарлауына алып келеді. Ұзақ іздестіру жұмыстары негізінде, бірқатар ғылыми болжамдарды қарастырғаннан кейін Ұлттық ғылым академиясының Ядролық физика институтындағы ғалым О.Стаховпен бірлесе отырып микотоксиндердің индикатор аспабы жасалынды және жетілдірілді. Аспап ведом­ство­ішілік, ведомствоаралық және өндірістік сынамалар кезінде оң баға алды. Осы арқылы жү­гері дәнінің афлатоксинмен лас­тануының жеткілікті түрде индикациясын қамтамасыз ететіндігі расталынды. Соңғы кезеңдерде бұл аппараттың құрылымын жақ­сарту, сенімділігін арттырып, се­зімталдылығын жоғарылату мақ­сатында түзету, жетілдіру мен жаң­ғырту жұмыстары жүзеге асырылды. Ең жақсы параметр­лерге ие түрлерін іріктеп алу мақ­сатында әртүрлі нұсқаларда түрлі электронды оптикалық және механикалық түйіндер мен сызбалар жобаланған, жасалынған және зерттелінген. Аспаптың тәжірбиелік үлгісі үш нұсқада сыналған. Қорыта келгенде, жи­налған материал, өңделген сыз­балық және конструктивтiк ше­шiмдер тәжiрибе үшiн талап етi­летiн индикатор аспаптың әм­бебап параметрлері бар үлгi­сін жа­сау үшін компьютерлік түр­лен­дi­руді қажет ететіндігін растайды. Мұндағы жедел анықтау, жү­йелі түрде бақылау және астық­тағы микотоксиндерді алдын алу шаралары бойынша кепілдемелер өңделіп шығарылған. Валентина РЕМЕЛЕ, «Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты» ЖШС қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты. АЛМАТЫ.