Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Шығыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік орталығының жетекшісі Людмила ГЕЙЦМАНМЕН әңгіме.
– Людмила Эвальдовна, еліміз үшін маңызы зор сайлау барысын қалай бағалар едіңіз?
– Біз – Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның өңірлік филиалымыз. Биыл біздің орталықта Шығыс өңірі бойынша 1004 тәуелсіз байқаушы жұмыс істеді. Бұл байқаушылар ешбір саяси партия мен кандидаттардың мүддесін қорғамайды. Олар Қазақстанның әр азаматының құқығын қамтамасыз етуге, сайлау науқанының заңнамаға сәйкес өтуіне қызмет етеді. Мәжіліс пен мәслихат сайлауында өте ауқымды жұмыс атқарылды. Өңірлік орталық байқаушылары өз жұмыстарын таңғы сағат 6.00-де бастады. Өйткені, дауыс беру басталғанға дейін бюллетеньдерді есептеуге және сайлау учаскелерінің ашылуына қатысуымыз керек болды. Ал сағат 7.00-де дауыс беру басталғанда біз бақылауға көштік. Тәуелсіз байқаушылардың мәліметі бойынша айтар болсақ, биылғы сайлау өңірімізде өте ұйымдасқан деңгейде өтті. Шығыс өңірінің халқы демократиялық үдеріске барынша жарқын түрде қатысқанын аңдауға болады.
– Шығысқазақстандықтар дауыс беруге қаншалықты атсалысты? Қандай да бір заң бұзушылықтар байқалды ма?
– Тәуелсіз байқаушыларымыздың 17.00-дегі мәліметіне сүйенсек, облыс сайлаушыларының 78-80 пайызға жуығы дауыс берді. Өрескел заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Дегенмен, байқаушыларымыз кейбір учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алды. Яғни, жеке куәлік құжатынсыз келген дауыс беруші байқаушы мен сайлау комиссиясы төрағасының қатысуымен тоқтатылып, құжатын алып келуге жіберілді. Және арнайы хаттама толтырылып, азаматтың құжат арқылы дауыс беруі қадағаланды. Біз осындай жағдайларға кездескен байқаушыларға дер кезінде кеңес беріп отырдық. Байқаушылардың сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі аяқталғанға дейін отырып, дауыс нәтижесін санауға куә болуы міндеттелген. Сондай-ақ, сайлау учаскесінің дауыс беру қорытындысы туралы хаттамасының көшірмесін алуы тиіс. Яғни, сайлау учаскесінің жұмысы аяқталғанға дейін толығымен қатысады.
Биылғы сайлауда халықтың орасан белсенділігін байқадық. Тәуелсіз байқаушы жоғары деңгейдегі азаматтық ұстанымдарды анықтауымен ерекшеленеді. Бұл ретте саяси немесе азаматтық тұрғыдан болсын, қазақстандық қоғамның айтарлықтай алға жылжығанын айтар едім. Өйткені, көптеген азаматтар біздің өңірлік орталыққа келіп, тәуелсіз байқаушы болуға ынта білдірді. Осылайша, конституциялық құқыққа қайшы әрекеттерге тосқауыл болғысы келетінін көрсетті. Сондай-ақ, діттеген үдеден табыла білді.
Әңгімелескен
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21
Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 10:09
Астанада өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 09:45
«Атырау» футбол клубының жаңа иесі анықталды
Футбол • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:07
Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше