«АТОМ» жобасы – біраз жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан жаһандық ядролық қарусыздануға қол жеткізудің іс-әрекеттері мен ұстанымының дәстүрін жалғастырған Президент Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі маңызды бастамасы екенін атап айтқан жөн.
Жақында Елбасының бастамасына қолдау көрсету мақсатында Абай кітапханасында жиын өтті. Шараға «Невада-Семей» ядролық жарылысқа қарсы қозғалысының мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты. Шара барысында «Казахстанский путь к безядерному миру» деп аталатын кітаптың тұсаукесері өтті. Кітап жазудың идеясы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстазы Асхат Жұмабековке тиесілі, ол өз оқушыларымен Қазақстанның Семейден басқа да аймақтарына барып, физикалық құралдардың көмегімен жер, су, ауаның құрамындағы радиация мөлшерін зерттеуге кіріскен болатын.
«АТОМ» жобасы арқылы олар Семей өңіріндегі полигонның радиациялық фоны қалыпты жағдайда екенін дәлелдеп, басқа аймақтардан ешқандай да айырмашылығы жоқ деген тоқтамға келген екен, осы туралы кітапта жақсы баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі Семей полигонының жабылуы мен Қазақстанның әлемдегі төртінші ядролық-зымырандық нысаннан бас тартқандығы жайлы айтылған.
Кітаптың сүйінші данасы LAP LAMBERT Academic Publishing баспасында (Германия) жарық көрген. Кітаптың екінші авторы – «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының вице-президенті, «Құрмет» орденінің иегері Сұлтан Картоев. Жиынға қатысушылар Семей полигонының жабылуы мен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына биыл өз мәнінде атап өту керек деген бірауызды ұйғарымға келді.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.
СЕМЕЙ.

Әлем кубогі: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды
Бокс • Бүгін, 12:11
Ұландықтар Геннадий Головкинді ерекше форматта құттықтады
Қоғам • Бүгін, 11:58
Университеттерге құжат қабылдау қашан басталады?
Университет • Бүгін, 11:55
1-сыныпқа қабылдау: Ата-аналар тұрақты тіркеу талап етілетініне шағымданды
Қоғам • Бүгін, 11:44
Алматыда 400-ден аса заңсыз сауда нысаны сүрілді
Сауда • Бүгін, 11:40
Миллениал ата-ана, зумер бала: Қалай тіл табысамыз?
Қоғам • Бүгін, 11:30
Өзбекстан футболшылары жанкүйерлердің ықыласына бөленді
Футбол • Бүгін, 11:24
Филиппинде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 78 адамға жетті
Әлем • Бүгін, 11:10
Ел тұрғындары шілде айында қанша күн демалады?
Мереке • Бүгін, 11:01
Вьетнам шетелдіктер үшін елге кіру рәсімін жеңілдетті
Туризм • Бүгін, 10:52
Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған
Аймақтар • Бүгін, 10:51
Жамбыл облысында пара алған экс-полицейлерге сот үкімі шықты
Жемқорлық • Бүгін, 10:37
Иран Ормұз бұғазындағы алымдарды 60 күнге тоқтатты
Әлем • Бүгін, 10:30
Volkswagen компаниясы 50 мың жұмысшыны қысқартады
Әлем • Бүгін, 10:22
Астана мен Алматыдан Ыстықкөлге тікелей рейс ашылды
Логистика • Бүгін, 10:11