Елбасымыз қандай кезең болса да әрдайым халықтың қамын ойлаған. Осыған Қазақ елін жаңа даму белестеріне көтерген құнды бағдарламаларымен студент жастардың санасына ойлар тастап отыр. Міне, ел дамуының, өсіп-өркендеуінің жаңа белесінде Ұлт Жоспарын жариялады. Университетіміздің жастары, ұстаздар қауымы мұны қуана құптады. Бұл бағдарламада Қазақ елінің ұрпақ болашағы жолында үлкен бетбұрысқа буғаны айқындалған. Елбасының Ұлт Жоспары – елдің ертеңі. Маңызды стратегиялық құжат.
Әлі есімде, 1995 жылы Семейге арнайы іссапармен Елбасымыз келді, алқалы жиын өтті. Облыс, аудан, қала әкімдері, мекеме басшылары, ақсақалдар жиналып, Президентіміздің қатысуымен, ЮНЕСКО көлемінде тойланатын Абайдың 150 жылдығын биік дәрежеде өткізу туралы кеңес өтті. Ол кезде мен технологиялық институттың ректоры едім. Елбасына жаңадан салынып жатқан Глинка көшесіндегі технологиялық институттың, қазіргі Шәкәрім атындағы университеттің 12 қабаттық жаңа ғимаратын көрсеттік. Студенттер үшін жаңа ғимараттың салынуына осылайша Елбасы тікелей ықпал етті және оның жобасын жүзеге асыру, сөйтіп, халық игілігіне қызмет ету менің өмірімдегі тағы бір биік белесті бағындыру болды. Бұдан кейін Нұрсұлтан Әбішұлы спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. Сонда таңғалғаным, Елбасы суға жүзу, волейбол ойнау сияқты спорттың көптеген түрлерін жақсы меңгерген екен. Елбасы менен «Семейдің тыныс-тіршілігі, жағдайы қалай? Бұл сапарымның барысында өздеріңнің, яғни халықтың қандай тілегі бар, соны білгім келеді?» деп сұрады. Мен былай дедім: «Құрметті Елбасы, қазақта мақал бар: «Жақсы келсе құт болады» деген, сіздің келгеніңіз біз үшін, әрине, жақсылықтың нышаны, жастар білім алатын оқу орны ғимаратының салынуына қаржы берілді. Қаланың көшелері де жинақыланып, тазарып қалды. Халқымыздың сізге деген сенімі ерекше, сіздің келуіңіз жақсылықтың нышаны деп еңселерін тік ұстап мақтаныш сезімде жүр» дедім.
Шынында да, Елбасы ел қамын ойлайтын бірден-бір көшбасшы. Президентіміз өзінің кезекті Жолдауында экономикалық және әлеуметтік жетістіктермен қатар өсіп келе жатқан жас ұрпаққа ерекше көңіл бөлгендігі қуантты. Білімді өндірісте жұмыс істеу арқылы шыңдау керек, оқу мен еңбек егіз деген ғой. «Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Жұмысшы мамандықтарын меңгеру керек. Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынының жанында тұрдым. Үлгі алыңдар! Жылдар өтеді, бірақ, осы өмірлік тәжірибелерің, сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да, міндетті түрде кәделеріңе жарайды», деген жылы лебіздің өзінде қаншама терең мағына жатыр, түсінген адамға.
Сонымен қатар, Президент ру мен тайпаға бөліну ұлттық тұтастықтан айырылудың өте қауіпті түрі болып саналатынын жеткізді. «Қазақ шежіресінің түпкі мәнін ұмытпайық. Алып дарақтың бұтақтары секілді, күллі рулардың түбін қуа келгенде барлығы бір ғана ұлы тамырға, қазақ деген ұлтқа барып тірелмей ме?», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Шынында да, жеті атаны білу керек, ол тұқым тазалығын сақтау үшін. Мәселен, картопты бір жерге үш жыл қатарынан ексең, сол жердің өнімі ұсақталып кетеді. Сондықтан да, генетика үшін, әрине, жеті атаны білген жөн. Біз, ең алдымен, біртұтас Қазақ елі, қазақ екендігімізді ұмытпағанымыз жөн. Биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы қай шежірені алып қарасаң да ол қазақтың бірлігі мен тұтастығын әйгілейтінін айтып өтті. «Барлығымыздың айтып жүрген батыр бабаларымыз: Қарасай, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Әбілқайыр, Абылай – бұлар барша қазаққа ортақ және шежіре бұларға келіп тірелмейді. Шежірені ары қарай жүргізейік, сонда барып, түбімізде бәріміз қанымыз бір қазақтың баласы болып шығамыз.
Мемлекеттік көмек тек жағдайы жоқ мұқтаж адамдарға ғана берілуі керек. Кезіндегі ауыл, дала қазақтары бүгінгі жаһандану заманында отырықшы қала қазақтарына айналды. Нарықтың талабы сол, әркім жанталаса еңбек ету керек. Еңбек өнімді болу үшін, адам баласы білімді, парасатты әрі мәдениетті болған жөн. Қазақстан Инновациялық университетінде білім алу, еңбек ету және рухани ізгілікті, әдепті болу басты жолға қойылған. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласының құндылығы сол, әр адамды толғандырып жүрген мәселелердің шешімін табуға жол ашқандығы, ел санасына сілкініс туғызғандығы, келешекке деген сенімді нығайтқандығы дер едім.
Нәдірбек ӘПСАЛЯМОВ,
экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан инновациялық университетінің президенті.
СЕМЕЙ.

Астанада LRT жобасының екінші кезеңіне дайындық басталды
Елорда • Бүгін, 16:52
«Жезқазған – Петропавл» тасжолында екі адам көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 16:21
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 15:30
Қостанай облысында 6 теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Қонаевта медициналық кампустың құрылысы қашан басталады?
Аймақтар • Бүгін, 14:33
Азия чемпионаты: Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден күміс жүлдегер атанды
Спорт • Бүгін, 14:00
Жаңаталап ауылында жаңа медициналық пункт ашылды
Аймақтар • Бүгін, 13:53
Ғылыми қауымдастық жаңа жобаны талқылады
Ата заң • Бүгін, 12:48
Бокстан Қазақстан құрамасы Испаниядағы турнирде 6 алтын медаль жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 11:54
Шала туған 730 грамдық шарана қалай аман қалды?
Медицина • Бүгін, 11:42
Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Президент • Бүгін, 11:27
8 ақпандағы доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:40
Grand Slam: Дзюдошы Аман Бақытжан Париждегі турнирде қола жүлдегер атанды
Спорт • Бүгін, 10:27
Алматыда 16 шетелдік елден шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 09:55
Бүгін ел аумағының басым бөлігін тұман басады
Ауа райы • Бүгін, 09:23