Өзгелер сияқты Якорь ауылдық округінің тұрғындары да Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын тағатсыздана күтті. Шешуші кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың күрделілігін түсіне отырып, өз таңдауларын жасағанша асықты. Өзім де, ұжымның жұмысшы-қызметкерлері де отбасымызбен бұл күнді мереке ретінде қабылдап, жоғары конституциялық сайлау құқығымызды мүлтіксіз орындадық.
Ауылдық округ бойынша тіркелімге алынған 1201 сайлаушы бір кісідей дауыс беріп, жоғары белсенділіктің үлгісін танытты. Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясы белгілеп берген стратегиялық бағыттарға зор қолдау көрсетілді. Үлкен жауапкершілікті жастар жағы да жете сезініп, өз шешімдерін ақыл-парасатпен үйлестіре білді. Осылайша сайлау ойдағыдай ұйымдастырылып, лайықты таңдау жасалды. Парламент Мәжілісі депутатының мандаттары лайықты тұлғаларға тапсырылады деген сенімдеміз.
Сөз ретінде, қазақстандық сайлаушылардың 82,20 пайыз дауысын алып, айқын жеңіске жеткен «Нұр Отан» партиясының Парламенттегі өкілдері алдағы кезеңде сенімді ақтау үшін жұмыс істеуге ұмтылатынына сенімді екенімді айта кетсем деймін. Өйткені, Президент әлемдік дағдарыстың сын-қатерлерін бірлесіп қана жеңе алатынымызды үнемі айтып келеді. Оның негізгі жолдарын «Қазақстан жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында айқындап берді. Ал қазіргі басты міндет – ел экономикасын еселей түсу. Әркім өз жұмыс учаскесінде біліктілік, кәсіби шеберлік көрсетсе, бәсекеге қабілеттік тәжірибесін кеңінен меңгереріміз анық.
Біздің шаруашылық егемендіктің елең-алаң шағында құрылып, содан бері егіншілікпен де, мал өсірумен де тұрақты айналысып келеді. Қазір бағымда 2350 ірі қара малы мен жылқы, 2 мың гектарға жуық егістік алқап бар. Былтыр 117 миллион теңге жеңілдікті субсидияға қол жеткізіліп, етті және сүтті тұқымды ірі қара малдары сатып алынды. Сүт, ет өнімдері ешқандай делдалсыз тікелей «Маслодел», «Фрегет», «Казмясопродукт» кәсіпорындарына жөнелтіледі. Алдағы мақсат – шетел нарығына шығу. 130 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз. Орташа еңбекақы 80 мың теңгені құрайды.
Меніңше, жалпы мемлекеттік мақсаттарға қол жеткізуде мұндай саяси науқандарды өз мәнінде өткізудің мәні айрықша. Осы тұрғыдан алғанда, діттеген межеден көрінгеніміз мақтан етуге тұрарлық.
Борис КАЛУГИН,
«Якорь» ЖШС директорының орынбасары.
Солтүстік Қазақстан облысы,
Қызылжар ауданы.

Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Бүгін, 21:45
Ормұз бұғазы ашылды: Иран маңызды теңіз жолын қайта іске қосты
Әлем • Бүгін, 21:30
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Бүгін, 21:00
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Бүгін, 20:30
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 20:05
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Бүгін, 19:55
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 19:45
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 19:20
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Форум • Бүгін, 19:06
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Оқиға • Бүгін, 19:00
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Келешек мектептері • Бүгін, 18:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48