24 Наурыз, 2016

«Нұр Отан» партиясынан Мәжіліске өткен депутаттар белгілі болды

391 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
24-03-2016 Nur OtanАСТАНА. 24 наурыз. Бүгін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен партия Саяси Кеңесі Бюросының отырысы болып өтті. Онда ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттық мандатты бөлу реті анықталды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының ресми сайты – nurotan.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Шараға «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, Орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, партия Орталық аппаратының басшылығы қатысты. Саяси Кеңес Бюросы, партияның басшылық органы ретінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес үміткерлердің партиялық тізіміне енгізілгендердің арасынан депутаттық мандатты бөлу ретін анықтайды. Осыған орай отырыс барысында партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутаттығына үмкіткер ретінде Орталық сайлау комиссиясына тіркелген «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің кандидатуралары талқыланып, нақты тізімі бекітілді. Отырыс барысында болашақ депутаттық корпус құрамына қатысты өз пікірлерін Бюро мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі А.Башмаков және «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Төрағасы Ө.Шүкеев (ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев) айтты. Партияның Саяси Кеңесі Бюросы жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттық мандатын бөлу ретін анықтау туралы қаулысы қабылданды. Мемлекет басшысы өз сөзінде Парламент депутаттары тізіміне енген барлық партия мүшелерін құттықтап, алдағы кезеңдегі міндеттерге тоқталды. Партия Үкіметпен бірлесіп, «Қазақстан 2021 – Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасын сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуі қажет, 5 ауқымды реформа және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру жөніндегі жұмысты және де «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша партиялық мониторингті жалғастыру, елдегі бірлік, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндік жасау, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыру, орталық пен жергілікті жерлердегі фракциялардың жұмысында халықты толғандыратын мәселелерді біліп, оларды шешуге баса назар аудару қажет. Партия Төрағасы партияның және филиалдардың Саяси кеңестері Бюроларына жуық арада партия фракцияларын құрып, қабылданған тәртіп бойынша оларға айтылған міндеттерді жеткізуді тапсырды. Айта кетейік, сайлау қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың 82,2 пайыз дауысын жинап, Мәжілістегі 84 орынға ие болды. «Нұр Отан» партиясы атынан Мәжіліс депутаты атанғандардың аты-жөндері:
  1. М.Айсина
  2. З.Аманжолова
  3. И.Аронова
  4. С.Ахметов
  5. Б.Әбдірайым
  6. Н.Әбдіров
  7. М.Әшімбаев
  8. А.Базарбаев
  9. З.Балиева
  10. Е.Бектұрғанов
  11. А.Бектұрғанов
  12. Г.Бижанова
  13. М.Бопазов
  14. С.Бычкова
  15. А.Дәуренбаев
  16. Н.Дулатбеков
  17. Ж.Дүйсебаев
  18. С.Дьяченко
  19. А.Ералиев
  20. К.Ержан
  21. М.Ерман
  22. Б.Ертаев
  23. К.Жабағиев
  24. А.Жайылғанова
  25. Қ.Жақыпов
  26. А.Жамалов
  27. Ж.Жарасов
  28. Б.Жылқышиев
  29. С.Звольский
  30. Г.Иксанова
  31. С.Имашева
  32. Г.Исимбаева
  33. П.Казанцев
  34. Ф.Қаратаев
  35. Б.Кесебаева
  36. И.Клименко
  37. Е.Козлов
  38. У.Қайназаров
  39. С.Қаныбеков
  40. К.Қаракен
  41. Г.Қарағұсова
  42. А.Қожахметов
  43. А.Құрманова
  44. С.Құсайынов
  45. Б.Мамыраев
  46. М.Махамбетов
  47. Б.Макен
  48. К.Мусин
  49. Қ.Мұсырман
  50. А.Нұркина
  51. Ж.Нұрманбетова
  52. В.Олейник
  53. Ж.Омарбекова
  54. С.Омаров
  55. Б.Оспанов
  56. О.Өксікбаев
  57. С.Өтебаев
  58. Ш.Өтемісов
  59. А.Платонов
  60. М.Пішембаев
  61. Н.Сабильянов
  62. А.Сапарова
  63. С.Сейдуманов
  64. С.Симонов
  65. Р.Скляр
  66. Б.Смағұл
  67. А.Смағұлов
  68. А.Суслов
  69. Қ.Сұлтанов
  70. А.Тасболатов
  71. М.Теміржанов
  72. Б.Тілеухан
  73. М.Тінікеев
  74. И.Үнжақова
  75. С.Үмбетов
  76. Б.Хаменова
  77. Т.Хитуов
  78. М.Чирков
  79. П.Шарапаев
  80. Г.Шиповских
  81. О.Шишигина
  82. Г.Щегельский
  83. Б.Ізмұхамбетов
  84. Т.Яковлева
Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: nurotan.kz.